- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада 2018 жылы аула клубтарының саны көбеймек
Астанада 2018 жылы аула клубтарының саны көбеймек
Клубтарға тұрақты түрде екі мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер барады.
"Бүгінгі таңда Астана әкімдігінің қолдауымен 18 аула клубы жұмыс істейді. Секциялар мен үйірмелердің жалпы саны - 109. Аула клубтарына тұрақты 2089 бала мен бозбалалар барады. Келесі жылы Астана қаласы әкімі Әсет Исекешевтің бастамасымен аула клубтарының санын 30-ға дейін жеткізу көзделген", - деп хабарлады «Астана жастары» КММ жетекшісі Мұхамеджан Болысбек.
Оның айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда биыл клубтарға баратындар саны екі есеге өскен. Аула клубтарының басым бөлігі «Алматы» ауданында орналасқан, мұнда 10 аула клубы бар. Ал қалғандары Астананың өзге аудандарында.
Бүгінде аула клубтары елордалық жастардың бос уақытын өткізетін және жеке қабілеттерін дамытатын орталыққа айналды. Клубтарда каратэ, бокс, еркін күрес, қол күресі, дзюдо, стол теннисі, шахмат және шашки бойынша секциялардың кең түрі қарастырылған.
Бұдан бөлек, жастарға шығармашылық таланттарын шыңдауға мүмкіндік беретін әртүрлі үйірмелер ашылған. Ал, спорт, ұлттық, және қолданбалы өнер, хореография және музыка салауатты өмір салтына баулиды.
"Бүгінде аула клубтарына баратын балалар мен бозбалалар спортпен айналысып, техникалық шығармашылыққа үйрене алады, өздерінің көшбасшылық қабілеттерін дамытады. Сол себепті қаланың барлық тұрғындарына балаларын аула клубтарына әкеліп, тегін оқытуға шақырамыз", - деп қосты М. Болысбек.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
ДСМ: Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып, жағдай тұрақталып келеді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Елордада КВИ жұқтырғандар саны 2,4 есе артқан -
Өзін-өзі оқшаулауды бұзғандар қанша айыппұл төлейді