- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада триатлоннан Қазақстанның ашық чемпионатының жеңімпаздары анықталды (ФОТО)
Астанада триатлоннан Қазақстанның ашық чемпионатының жеңімпаздары анықталды (ФОТО)
Бұл чемпионат Қазақстанда триатлоннан өткен алғашқы ауқымды іс-шара болды.
«Триатлон, мультиспорттық жарыс ретінде қоғамда дұрыс трендтердің қалыптасуына – салауатты өмір салтын дәріптеуге септігін тигізеді», - делінген хабарламада.
200-ге жуық кәсіпқой мен спорт сүйер қауым «Жартылай темір» қашықтықта үш кезеңнен тұратын жарысқа қатысты: 1,9 шақырым жүзу, 90 шақырым веложарыс, 21 шақырым жүгіру.
Бақытжан Сағынтаев Олимпиада чемпионы, «Астана» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуровқа, Қазақстандық Триатлон Федерациясының вице-президенті, BI Group холдингінің басшысы Айдын Рахымбаевқа, сондай-ақ қашықтықты бағындырған алғашқы әйел қатысушы Нағима Керімбаеваға медальдарды табыстады.
Айта кетейік, бұл сайыс Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің Мәдени-ойын-сауық және спорттық іс-шараларының кешенді жоспарының бір бөлігі болды.
Еске салсақ, бұған дейін ҚР ҰҚК төрағасы және Триатлон федерациясының президенті Кәрім Мәсімов келесі жылы Астанада Ironman аясында сайыстар өткізілетінін хабарлаған болатын. World Triathlon Corporation ұйымымен Астанада Ironman сериясының стартаптарын өткізу туралы келісім жасалған.
Фото: Бауыржан Жуасбаев
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
COVID-19: Еуропа елдерінің шекарасы кімдерге ашық, қандай қызметтерге рұқсат етілген -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
«Ашық» жобасының iске асырылуы -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Қазақстандағы эпидахуал: Вирус жұқтырғандар саны, вакциналау және «Ашық» қосымшасы -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты