- Басты
- Жаңалықтар
- Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруда көш бастап тұр
Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруда көш бастап тұр
«Аймақтық деңгейде Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруда көш бастап тұр, Алматы облысының көрсеткіштері де жоғары деңгейде. Жалпы, сүт қабылдау пункті бар 168 кооператив және ет даярлау бойынша 261 кооператив құрылды. 1 шілдедегі жағдай бойынша 26 мың басқа 1,5 мыңнан астам мал семірту алаңы құрылды», - деді Кооперацияны насихаттау стратегиясы басқармасының басшысы.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы кооперативін құру саласында арнайы жадынама жасап шығарды. Бұл ұсыныстар барлық азаматтарға бірдей қолжетімді.
«Ауыл тұрғыны үшін ауыл шаруашылығымен айналдысу ол таңсық дүние емес. Нарықтық заманда заманауи технологияны пайдалана білу керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі түрлі бағыттар бойынша ұсыныстар жинақталған жадынамана жасақтады – ет өңдеу бойынша, сүт өңдеу бойынша. Оларда нарыққа сараптама жасақталған, шаруаның қандай технологияны алуы керектігі көрсетілген. Онда тіпті жеткізушілерде көрсетілген. Бұл жадынамалар аудан әкімдіктеріне дейін жеткізілді», - деді спикер.
Бұдан басқа, С. Қайырбеков Пікірталас клубының тыңдарманының ауыл шаруашылығы кооперациясы аясында субсидиялаудың қандай түрлері бар деген сұрағына жауап берді.
«Бізде субсидия бір данасына қарастырылған, мәселен бір литр сүтке 10 теңге, бір малдың басына, яғни малды союға 20 мың теңге, жем шөпті алуға немесе құрал жабдықтарды алуға 50%-ға дейін көзделген», - деп түсіндірді сарапшы.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана радиосында» Strategy2050.kz ақпараттық-сараптамалық порталының пікірталас клубы өтті. Шараның тақырыбы 2015-2019 жылдарға арналған агроөндірістік кешенді дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға арналды.
Ақбота Күзекбай
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді