• Басты
  • Жарты жылдың қорытындысы бойынша 500 кооператив құрылды – АШМ
28 Шілде, 2017 18:16

Жарты жылдың қорытындысы бойынша 500 кооператив құрылды – АШМ

Жарты жылдың қорытындысы бойынша 500 кооператив құрылды, ол 50 мың қосалқы шаруашылықты қамтыды. Бұл туралы ҚР АШМ кооперацияны насихаттау стартегиясы басқармасының басшысы Самат Қайырбеков Strategy2050.kz АА ақпараттық-сараптамалық порталының пікірталас клубы алаңында мәлімдеді.

Жарты жылдың  қорытындысы бойынша  500 кооператив құрылды – АШМ | Strategy2050.kz

Айта кетейік, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің  құрылымында Жолдаудағы тапсырмаларды жүзеге асыру үшін  ауыл шаруашылығы кооперациясының  жаңа департаменті  құрылды.

«Елбасының Жолдауында бес жыл ішінде 500 мыңнан астам үй шаруашылығы, шағын фермерліктерді кооперативтерге біріктіруді тапсырған болатын. Бүгінде республикада ауылдық жерде тұрғындардың  47 пайызы тұрады. Оның ішінде бір жарым миллионы  өзін-өзі қамтығандар.  70-80 пайыз сүт пен ет  қосалқы шаруашылықтар есебінен өндіріледі.  Аталмыш көлем өте үлкен. Қазір ауылдарда өзінің шаруашылығы бар  тұрғындар  кооперативтерге қосылып, өз өнімінің көлемі мен сапасын арттыруға мүмкіндік ала алады», - деді С.Қайырбеков.

Спикер осы орайда қандай жоспарлар мен  шаралар жүзеге асырылып жатқандығын айтты.

«Көрсеткіштер жаман емес. Жарты  жылдықтың  қорытындысы бойынша  500 кооператив құрылды, ол 50 мың қосалқы шаруашылықты қамтыды. Бұл кооперативтер сүт өндіру, ірі қара малды өсіру, ет, көкөніс, омарташылық салаларын қамтиды. Кооператив – еркін іс. Егер кәсіпкердің дөңгелеткен шаруасына шамасы келмей жатса, кооперативке қосылып өз кәсібін нығайта алады», - деді ол.

Мемлекет кооперативке қосылу бойынша үлкен қолдау көрсетіп жатыр. Бұл – 6 пайыздық көрсеткіштегі жеңілдікті несиелеу.

«Сондай-ақ, 7 жылға дейінгі жаңа несиелік ресурстар бар. Меніңше, бұл бірегей мүмкіндік. Кепілдіксіз  сүт қабылдау және мал соятын орындарды алу әдістері бар.  Ауылда кепіл бойынша проблемалар бар. Мемлекет сүтті қабылдау кезінде кепілдікке сүт қабылдау пункті өзі тұратындығын қамтамасыз етеді.  Бұл қондырғылар  50 пайызға дейін субсидияланады», - деді ол.

Айта кетейік, «Астана радиосында» Strategy2050.kz ақпараттық-сараптамалық порталдың пікірталас клубы өтті.  Шараның тақырыбы 2015-2019 жылдарға арналған агроөндірістік кешенді дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталды.

Ақбота Күзекбай

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды