- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Премьер-Министрі «Арселор Миттал Теміртау» ірі өнеркәсіптік кәсіпорнында болды
ҚР Премьер-Министрі «Арселор Миттал Теміртау» ірі өнеркәсіптік кәсіпорнында болды
Primeminister.kz хабарлағандай, ҚР энергетика министрі Қ. Бозымбаев тұтынушыларды жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша аса маңызды міндетті орындау шаралары туралы баяндады. Осы мақсатта ЖЭЦ-2 қуаттарын жаңғырту бойынша кешенді жоспар әзірленеді.
«Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның өндіріс жөніндегі директоры Вадим Басин турбиналық цех және жалпы станцияның жұмысы туралы, станцияның және 2017-2018 жылдарға жөндеу науқанының негізгі параметрлері туралы баяндады.
Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов қаланың 2017-2018 жылдарға жылу беру маусымына дайындығы туралы, оның ішінде инженерлік желілердің, көп қабатты тұрғын үйлердің және әлеуметтік-мәдени нысандардың дайындығы туралы баяндады.
Бұдан өзге, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев №3 домна пешіндегі шойын шығару процесімен танысты. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Калон Парамжит компанияның қызметі және дамудың алдағы перспективалары жайлы баяндады.
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауына сәйкес еліміздің тау-кен металлургия кешені экономикалық өсім үшін өзінің стратегиялық мәнін сақтап қалуы тиіс. Осыған байланысты бұл компаниялармен жаңа нарықтарға шығу, жеткізу географиясын және минералды-шикізаттық базаны кеңейту бойынша жұмыс жүргізу керек.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары