- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сағынтаев Қарағанды облысының автожолдарын қайта жөндеу барысымен танысты
Б.Сағынтаев Қарағанды облысының автожолдарын қайта жөндеу барысымен танысты
«Қарағанды - Теміртау» автожолы учаскесінде бетон жабынын қалау және арматуралау жұмыстары жүргізіліп жатыр. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды бөлімшесінің директоры Қанат Шаймин автокөлік жолын жөндеу барысы мен жоспардағы аяқталу мерзімі туралы баяндады.
2015 жылы «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары басталған «Орталық - Оңтүстік» көлік дәлізі ел экономикасы үшін үлкен маңызға ие. Бұл дәліз көлік-логистикалық әлеуетті дамытуға ықпал ететін болады және Қазақстанға әлемдік көлік жолдарына қосылуға әрі транзиттік халықаралық тасымалдардың көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұдан өзге, өңіраралық байланыс күшейе түседі, тасымалдардың алшақтығы мен автокөліктердің жолда өткізетін уақыттары қысқарады. Сонымен қатар қозғалыс қауіпсіздігі артады және автожолдарға іргелес аумақтардың экологиялық жағдайы жақсарады.
Реконструкциялау жұмыстарын жүргізу жол бойы сервистерінің дамуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді. Сондай-ақ, кемпингтер, жанармай құю орындарын және де жол бойындағы республикалық маңызға ие өзге де нысандарды орналастыруға заманауи талаптар қойылады.
Республикалық маңызға ие «Қарағанды – Теміртау» автокөлік жолының учаскесіндегі «Орталық - Оңтүстік» көлік дәлізін реконструкциялау 3 бөлікке бөлінген: 1) 2 көлік жол айырығының құрылысы (№1 «Теміртау айналымы» және №2 «Қарағанды тас жолы») және теміржол өтпесі, 2) 2 көпірі мен 13 су өткізгіш құбыры бар негізгі жолды жөндеу, 3) 2 көлік жол айырығының құрылысы.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі