- Басты
- Жаңалықтар
- "Даму" субсидиялау бойынша мемлекеттік қызмет алуды автоматтандыруды жоспарлауда
"Даму" субсидиялау бойынша мемлекеттік қызмет алуды автоматтандыруды жоспарлауда
«Даму» қорының басқарма төрағасы хабарлағандай, қор тиімді құралдар есебінен отандық кәсіпкерлерді көбірек қамтуға ниетті.
«Бұл – қызмет көрсетуді автоматтандыру, өнімділікті кеңейту, микроқаржыландыру, сондай-ақ жаңадан бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерді оқыту», - деп атап өтті А. Сарқұлов.
Осыған байланысты, ол қор қандай қызмет көрсетуді автоматтандырудың іске қосылғаны жайында айтып берді.
«Бүгінгі күні е-gov тұғырнамасының мемлекеттік қызмет көрсету порталымен ықпалдасу арқылы кепілдендіру құралын іске қостық. Бұл кепілдемелер алу жылдамдығын ұлғайтты, біздің кәсіпкерлер үшін белгілі бір ашықтық бар. Ол берілген өтінім рейтингін қадағалай алады. Бұл шағын және орта бизнесті қаржылай қолдау бойынша алғашқы мемлекеттік қызмет көрсету. Болашақта біз субсидиялау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыруды жоспарлап отырмыз», - деді ол.
Төрағаның айтуынша, 2016 жылғы сәуір және 2017 жылғы маусым аралығындағы кезеңде кепілдік алу тұғырнамасы бойынша 200 өтінім мақұлданған.
Еске сала кетейік, бүгін «Ұлы Дала елі» атты ІІІ отандық тауар өндірушілер форумы барысында қор басшысы шағын және орта бизнес өкілдерін қолдаудың негізгі құралдары туралы айтып өткен болатын.
Жалпы, отандық тауар өндірушілер форумы аясында «Қазақстанның үздік тауары» байқауының өңірлік жеңімпаздары тауарының және «Қазақстанда жасалған» көрмесінің 206 компаниясы өндірісінің республикалық байқау-көрмесі өтеді. 350 үздік компания өз өнімін ұсынады. Келушілер тауарды тікелей өндірушіден сатып ала алады.
Ақбота Күзекбай
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары