- Басты
- Жаңалықтар
- «Ұлы Дала елі» форумы бизнес қауымдастықты Президент идеясына жұмылдырады (ФОТО)
«Ұлы Дала елі» форумы бизнес қауымдастықты Президент идеясына жұмылдырады (ФОТО)
Шараны ашқан ҚР инвестициялар мен даму вице-министрі Роман Скляр үшінші рет өткізіліп жатқан форумның жоғары деңгейін атап өтті.
«Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы жетекші ұлттық компаниялармен 10 миллиард теңгеге он меморандумға қол қойылды. Біз аталмыш көрсеткіш 2017 жылы оданда жоғары болады деген үміттеміз, барлық уағдаластықтар орындалады деген ойдамыз. Форумның үш күнінде табысты еңбек етулеріңізді тілеймін», - деді вице-министр.
Өз кезегінде, «Бәйтерек» холдингісінің отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсетуі туралы холдингтің басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарходжаев айтып берді.
«Бәйтерек» ҰБХ өзінің стратегиясына сәйкес 5 бағыт бойынша жұмыс істейді: ірі бизнеске қолдау көрсету, отандық тауар өндірушілердің экспорттық әлеуетін арттыру, трансферт және инновация енгізу, сонымен қатар ел азаматтары үшін баспананың қолжетімділігін арттыру. Біз «Бәйтерек» холдингін интеграцияланған даму институтына айналдыруға мүмкіндік беретін бастамаларды көтеріп отырмыз», - деп атап өтті ол.
Әнуар Омарходжаевтың айтуынша, бүгінде бизнеске кешенді қолдау көрсететін холдинг қызметінің бірыңғай сандық алаңын жасақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, форумға шағын және орта бизнестің 350-ден астам кәсіпорны қатысуда.
Ақбота Күзекбай
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер