- Басты
- Жаңалықтар
- «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы аясында сумен қамту жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде
«Мөлдір бұлақ» бағдарламасы аясында сумен қамту жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде
«ҚТЖ» АҚ хабарлағандай, атқарылған жөндеу жұмыстары шағын станция тұрғындарын таза ауыз сумен қамтудің өзекті мәселесін шешеді.
«Сумен қамту жүйелерін қалпына келтіру мен қондырғылар орнату жұмыстары станция тұрғындарын тұрақты түрде сапалы ауыз сумен қамтуға мүмкіндік әпереді. Барлық жұмыстарды 2 тамызда аяқтауды көздеп отырмыз»,-делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, Саз бен Жайлау шағын станцияларындағы жұмыс «Теміржолсу» АҚ атқарып отырған кешенді шарасының мыңнан бір мезеті ғана.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «Теміржол су» АҚ соңғы алты жылда 430 станция мен жол айырықтарында 730 нысанды қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Аталмыш мерзімде 500 шақырымдық су жүйесі мен 24,5 шақырымдық кәріз желісі жаңғыртылды. Бағдарлама басталғалы бері 50 су көтергіш бағаны, 69 су желісі сорғылық станциясы, 19 кәріздік сорғылық станциясы, 79 шахталық құдықтар қалпына келтірілді. Су көтергіш құрылғылардың ұңғымалары тазаланды. 70 теміржол бекеттерінде соңғы үлгідегі суды тазалау және залалсыздандыру қондырғылары орнатылды.
Теміржол станциялары тұрғындары орталықтандырылған сумен қамту жүйелеріне қосылуда. Күні бүгінге дейін 20 станциядағы 387 теміржолшының үйіне суды есептеу қондырғылары орнатылды. 12 шағын жол айырықтарындағы тұрғын жайларға себездеткіш, санитарлық жүйесі, су жылыту қондырғысымен қамтылды.
Биылғы жылы теміржолдың 40 бекетіндегі су және кәріздік 55 нысаны «Мөлдір бұлақ» бағдарламасымен қамтылып, құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Мөлдір бұлақ» Бағдарламасын жүзеге асыру барысында теміржол бекеттеріндегі, станциялар мен жол айрықтарындағы сумен қамту және кәріздік жүйесін қалпына келтірдік. Бұл өз кезегінде Компанияның меншігіндегі шығындарды да азайтуға мүмкіндік әпереді.
«Теміржолсу» АҚ атқарған алты жылдағы ауқымды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде Компанияның сумен қамту желісіндегі өндірістік активінің тозығы жетуі 85 пайыздан 25 пайызға дейін төмендеді.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды