- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сағынтаев Қарағанды облысында бірқатар өнеркәсіптік және өндірістік нысандарды аралайды
Б.Сағынтаев Қарағанды облысында бірқатар өнеркәсіптік және өндірістік нысандарды аралайды
Primeminister.kz хабарлағандай, бұл өңірде Бақытжан Сағынтаев бірқатар өнеркәсіптік және өндірістік нысандарды аралайды, олардың ішінде металлургиялық кремний шығаратын «Tau-Ken Temir» ЖШС, сүтті қайта өңдейтін және сүт өнімдерін өндіретін «Нәтиже» Сүт фабрикасы» ЖШС, сондай-ақ нан-тоқаш өнімдерін өндіретін «Сарыарқа нан» ЖШС кәсіпорындары бар.
Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында іске асырылып жатқан Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарын технологиялық жаңғырту мәселелері жөнінде республикалық кеңес, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі мүшелерімен шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша кездесу, сондай-ақ моноқалаларды дамыту жөнінде кеңес өткізеді деп күтілуде.
Бұдан өзге, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Қарағанды-Теміртау» автомобиль жолының учаскесіндегі «Орталық-Оңтүстік» көлік дәлізін жөндеу барысымен танысады, сондай-ақ ЖЭЦ-2 және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның басқа да өндірістік нысандарын аралайды.
Айта кетейік, Қарағанды облысының ішкі өңірлік өнімі құрылымында өнеркәсіп үлесі - 53,2%, ауыл шаруашылығы – 1,6%, құрылыс – 1,6%, сауда – 10,3%, көлік – 5,2% құрайды.
Облыстың ірі кәсіпорындары: «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Kazcentrelectroprovod» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Евразиан фудс» АҚ, «Тау-кен Темір» ЖШС, «Жәйрем тау-кен байыту комбинаты» АҚ, «Шұбаркөл көмір» АҚ, «Теміртау электр-металлургия комбинаты» АҚ, «Өркен» ЖШС, «Ер-Тай» ЖШС, «Апрель Құлагер» ЖШС.
ИИДМБ және Индустрияландыру картасы аясында 2017 жылы 376 жаңа жұмыс орнын құрумен құны 5,6 млрд теңге болатын 5 жобаны іске асыру жоспарланған. 2017 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша инвестиция көлемі 3,4 млрд теңге болатын 3 жоба іске қосылған.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар