- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада əлеуметтік инфрақұрылым нысандары мүгедектер қажеттілігіне сай бейімделуде
Астанада əлеуметтік инфрақұрылым нысандары мүгедектер қажеттілігіне сай бейімделуде
Атап айтқанда, есту және көру қабілеті бұзылған мүгедектер, қимыл-тірек аппаратының бұзушылығы бар арбаға танылған жандар үшін қолайлы жағдай жасауда нысандарды инвентаризациялау (төлқұжаттандыру) бойынша жұмыс аяқталды.
Осылайша тек «Есіл» ауданы бойынша жұмыс тобы 185 нысанды төлқұжаттандырды, олардың 147-і орта және шағын бизнес субъектілеріне қарайды.
Тексеруден өткен әр нысанға қатысты әдістемелік кеңестерге сәйкес, паспорт толтырылды. Төлқұжаттандыру қорытындысы бойынша анықталғанда й, тексеруден өткен барлық дерлік нысандар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ішінара қолжетімді.
Мүгедектер құқығын қорғау, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы жағдай жасамағаны үшін қабылданатын әкімшілік шаралар жөнінде ҚР заңнамасының ережелерін түсіндіру мақсатында кәсіпкерлер үшін үш ауданда жиын өтті. Оған аудандық прокуратураның, жұмыспен қамту, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының, еңбек комитеті, Астана қ. әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің өкілдері қатысты.
Қазірі уақытта жұмыс тобы ұсынған кеңестерге сәйкес, нысандарда мүгедек жандар үшін қолайлы жағдай жасалуда, атап айтқанда арнайы дене түйсігі арқылы сезінетін тақтайшалар, халыққа қызмет көрсету аумағында мнемосұлба, баспалдақ, пандус алаңдарында қосымша тұтқадан ұстау жабдықтары, санитарлық-тұрмыстық мекемелерде шақырту түймешігі, арнайы көрсеткіштер орнатылды.
Бұл бағыт бойынша жұмыс Астана қаласы уәкілетті органдардың бақылауында.
-
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
САЙЛАУ-2021: Өңірлерде қанша әкім сайланады -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды