- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында кәріз желілері қайта жаңартылады
Ақмола облысында кәріз желілері қайта жаңартылады
Әкімдікте жұмыстар Ұлт жоспарының 88-қадамын - "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Жобаның жалпы құны 2,0 миллиард теңгеден астам.
Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлжан Баегизованың ақпараты бойынша бүгінгі таңда тазарту құрылыстары кешенінің аумағында жер жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Кәріз жүйесі трассасының бойында жер жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үш эксковатор, жеті автосамосвал, екі бульдозер іске қосылған, тағы үш эксковатор қосылады», - деді Гүлжан Баегизова.
Жалпы, Жарқайың ауданында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін дамытуды, әлеуметтік сала және көлік инфрақұрылымы объектілерін жөндеуді көздейтін жобаларды іске асыруға 2017 жылы 1374,6 млн теңге бөлінген.
Еске сала кетейік, Ұлт жоспарында 88-қадам "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамыту бағдарламасын іске асыру жоспарларын ескере отыра жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеяларын ілгерілетуге бағытталған Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясын ілгерілету жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және іске асыру ретінде белгіленген.
-
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
COVID-19: Вакцина алғандар қайта вирус жұқтыруы мүмкін бе -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Қазақстан және әлем экономикасы қайта қалпына келе бастады -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды