- Басты
- Жаңалықтар
- Астанадағы сараптама орталығы 2018 сынаманы зерттеді (ФОТО)
Астанадағы сараптама орталығы 2018 сынаманы зерттеді (ФОТО)
el.kz порталы хабарлағандай, бақшалықпен улану тіркелмеді. 2017 жылы Орталық 2018 сынама жасады.

Қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің техникалық регламенттерді сақтау бөлімінің жетекшісі Қарлығаш Әбдішеваның айтуынша, тұтынушыға көзбен қарап қарбыздардың, жемістің құрамында нитрат пен пестицидтердің болуы туралы айту мүмкін емес, оны тек мамандар ғана анықтай алады. Өнімнің түсі тек оның піскендігін ғана көрсетеді. Лабораториядан өткізу үшін 10 грамм қарбыз қажет.

«Кез келген жеміс пен көкөністі тек тәртіптерді сақтау арқылы сатып алу керек. Ол маусымға қатысты емес. Мәселен, дүкендерде қарбызды Жаңа жылға қарсы сатады. Қарбыз сатып алудағы басты тәртіп – оның тауарлық түріне назар аудару. Егер жарықтар болып, өнім таза болмаса оны сатып алуға болмайды. Себебі, ұрылған жерлер арқылы кір өнімнің ішіне түседі. Жаз кезінде қарбызды тек жабық орындардан сатып алу керек», - деді Қарлығаш Әбдішева.
Оның айтуынша, қарбыз алар кезде сатушыға оны кестіртіп көру керек.

Бас Прокуратураның бекіткен жоспары бойынша орталық мамандары қаладағы көкөніс нүктелерінде тексеріс жүргізеді. Биылғы жылы бақшалық битпен улану тіркелмеді. 2017 жылы Орталық 2018 сынама жасады. Оның ішінде 19-ы бекітілген нормаларға сәйкес келмеді, 0,9 пайызды құрады.
Бұл жерлерге «Шарын», «Алаш», «Биг Шанхай», «Көк Базар» базарларынан жеткізіледі. Қазіргі таңда Астанаға көкөніс өнімдері Қазақстанның оңтүстігінен, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытайдан жеткізіледі.
«Тексерулердің қорытындысы бойынша жалған жеткізушілер мен сатушыларға шара қолданылады. Біз бұл өнімнің сатылымнан алынып, жойылғанын құжат бойынша талап етеміз», - деді Қарлығаш Әдішева.
Әңгімелесуші айтып өткендей, жергілікті жердегі барлық өнімдер құжаттармен сүйемелденуі керек. Еуразиялық экономикалық комиссияның талаптары осындай.
«Кей кезде адамдар қарбыз жеген соң уланып қалдым деп ойлайды. Ол адам гигиенаны сақтамаудан да болуы мүмкін», - деді ол.
Фото: Арман Мұхатов
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің маңызы -
19 мыңнан аса елордалық вакцина алды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Сот-сараптама реформалары: сот дәрігерлерінің еңбекақысы, мәйітхана ғимараттары мен жаңа Заң жобалары -
Ирандағы Абай орталығында Наурыз мерекесі атап өтілді -
НҚА жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын кімдер және қалай жүргізеді -
Алматыда 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты -
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Парасат жолы» орталығы өз жұмысын бастады -
Елордада дзюдо орталығы ашылды -
Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады -
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай -
Елордадағы "ерекше" балалар "Ailand" орталығына тегін саяхаттады