- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда АӨК-тің экспорттық орталығы іске қосылады
Қазақстанда АӨК-тің экспорттық орталығы іске қосылады
Вице-министр, биылдан бастап экспорттық саясат әлеуетті нарықтарға АӨК өнімдерін мақсатты ілгерілету негізінде құрылатынын атап өтті.
«Азық – түлік келісім шарт» АҚ Ұлттық компаниясының меншікті қаражаты негізінде АӨК-тің экспорттық орталығы құрылатынын айтты.
«Аталған экспорттық орталық «KazakhExport» АҚ-мен және «Kazakh Invest» АҚ-мен, сондай-ақ ҚР шетелдегі дипломатиялық өкілдері арқылы тығыз ынтымақтастықта әрекет ететін болады. Орталық сыртқы нарықтарға талдау жүргізіп, дамыған елдер үшін өнімдерді жылжыту жол картасын құру, өнімдерді экспорттау саласында кеңестер беріп, келісім-шарттарға отыру және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен өнімді форвардтық сатып-алу жұмыстарымен айналысатын болады. Сонымен қатар, орталық ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтандыруды қамтамасыз ете отырып, қолшатыр брендтер, соның ішінде «KZ Organic Food» брендін алға жылжытады», - деді ол.
Қазіргі уақытта Қытай, Иран, БАӘ, Израиль, Сауд Арабиясы және т.б. елдерге экспортталатын тауарлардың көлемін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жоғарыда көрсетілген елдермен ауыл шаруашылығы өнімдеріне қойылатын фитосанитарлық және ветеринарлық талаптар келісілуде, тасымалдану бажын төмендету жөнінде келіссөздер жүргізілуде.
«Мысалы, ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға ресми сапары кезінде Қазақстаннан Қытайға тасымалданатын мұздатылған қой етіне қойылатын талаптардың Хаттамасына қол қойылды. Қазақстаннан Қытайға және БАӘ тасымалданатын мұздатылған қой етінің ветеринарлық сертификатына қол қою жұмыстары жүргізілуде. Ал Иранға экспортталатын қой, мұздатылған және салқындатылған қой етін тасымалдау бойынша ветеринарлық талаптар келісілді», - деді ол.
Ал, қазақтың қойын Израильға тасымалдау бойынша осы елдің құзіретті мекемесіне хат жолданды.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды