- Басты
- Жаңалықтар
- Әкім Көкшетау қаласындағы «Революция күрескерлері» саябағын қайта жаңарту барысын тексерді
Әкім Көкшетау қаласындағы «Революция күрескерлері» саябағын қайта жаңарту барысын тексерді
Көкшетау қаласын аралау барысында облыс әкімі Ташенов көшесінің бойындағы екі жол учаскесін күрделі жөндеу барысымен танысты. Жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүріп жатыр.
Бұдан әрі Мәлік Мырзалин қазіргі уақытта қайта жаңартылып жатқан «Революция күрескерлері» саябағында болды.
«Биыл саябақты қалпына келтіру жұмысын жылдамдату үшін облыстық бюджеттен 300 млн теңге бөлінді. Қазір жұмыстар қызу жүріп жатыр, саяжолдар салынып, кеспе тастар төселуде. Жоба бойынша «Революция күрескерлері» саябағының аумағы келесі жылдың соңына дейін заманауи мәдени және демалыс саябағына айналуы тиіс», - деді әкімдікте.
Биылдың өзінде құрылысшылар спорттық-тұрмыстық кешенді аяқтауды жоспарлап отыр. Мұнда пайдаланылатын құрылыс материалдарының 80 пайызы отанымызда өндірілген.
Бұдан бөлек, облыс әкімі облыстағы құрылыс өнеркәсібінің жетекші кәсіпорындарының бірі болып табылатын «РегионСтрой» ЖШС-да да болып қайтты. Ағымдағы жылы мұнда құрылыс заттарының 30 мың тоннасы өндірілген.
Сондай-ақ, М. Мырзалин №18 орта мектептің 420 орынға арналған қосымша құрылысын қарап шықты. Қазір объектіде 3-ші қабаттың қабырғалары салынып жатыр, ішкі инженерлік желілер өткізіліп, басқа да жұмыстар жүргізілуде. Облыс әкімі құрылысшылардың жұмысын бағалап, объектіні келесі оқу жылының басына дейін пайдалануға беруді тапсырды.
-
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
САЙЛАУ-2021: Өңірлерде қанша әкім сайланады -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
COVID-19: Үнді штамы, әкімшілік айыппұл және күшейтілген карантин шаралары -
Әкімдерді тікелей сайлау: Талаптары мен ерекшеліктері -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Ауыл әкімдерін сайлау: Сарапшылар пікірі