- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкенттің ойыншықтары шетел нарығында саудаланады
Шымкенттің ойыншықтары шетел нарығында саудаланады
Жергілікті нарықта бірнеше жыл бұрын пайда болған бұл кәсіпорын өнімдері соңғы уақытта кең сұранысқа ие болған. Бүгінде зауыт ойыншық көліктің 10 түрі мен құрастырғыштың 5 түрін шығарады. Өнімнің әр бөлшегі жеке-жеке дайындалып, соңынан құрастыруға жіберіледі.
«Қазақстанда жасалған» тауар белгісі бар ойыншықтар Шымкент қаласының базарлары мен облысымыздың барлық аудандарында сатылуда. Өндірушілердің айтуынша, бағасы қытайлық ойыншықтардан екі есе арзан. Кәсіпкерлер бұл ойыншықтар барлық халықаралық экологиялық талаптарға сай келеді дейді. Пластмассасы - сапалы, улы емес. Сондықтан, ойыншықтар бала денсаулығы үшін қауіпті емес деп сендіреді өндірушілер.
Кәсіпкерлер екі өндірістік жүйені сатып алуға қаржыны «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында алған. Кәсіпорынның өндіріс қуаты айына үш мың өнімнен асады. Дегенмен, өндіріс көлемін 10 мың данаға дейін көбейту мүмкіндігі бар.
Қазіргі таңда кәсіпорын өндірісі толығымен жолға қойылған. Жақында кәсіпкерлер индустриалды аймақтағы жаңа ғимаратқа көшті. Енді өндіріс қуатын арттырып, таяу және алыс шетел нарығына шығуды жоспарлап отыр.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Шетелден инвестиция тарту: 2020 жылғы жобалар, жаңа алгоритм және проблемалары -
Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 жаңа қызмет қолжетімді -
14 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Расул Жұмалы: Жер комиссиясы, латифундистер мен 10 сотық жер туралы -
Жердің шетелдіктерге сатылмауы мен жалға да берілмеуі – халық күтіп отырған ең басты мәселе. Сарапшылар пікірі -
Ауыт Мұқибек: Жер дауына қойылған нүкте – қазақ тарихына алтын әріппен жазылған шешім