- Басты
- Жаңалықтар
- «Қауырт желі 114» қызметкерлері 144 өтінішті қарады
«Қауырт желі 114» қызметкерлері 144 өтінішті қарады
«Қауырт желі 114» Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен діндерді зерттеу орталығы қауымдастығымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Жоба азаматтарға діни мәселелер бойынша кәсіби және уақытылы көмек көрсете алады.
Дін және азаматтық қорғаныс министрлігі хабарлағандай, мамандар телефон арқылы және сайттың онлайн режимінде тұрғындардың дінге қатысты сауалдарына жауап беріп, деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге психологиялық қолдау көрсетеді. Консультациялық кеңес қазақ және орыс тілдерінде жүреді.
«Қауырт желі 114» сайтында мемлекеттік діни саясат бойынша өзекті ақпараттар, діни қатынастарға арналған мақалалар мен сұқбаттар, сарапшылар пікірлері жарияланған.
«Қауырт желі 114» - Қазақстанда ғана емес, ТМД кеңістігінде жүзеге асырылып отырған бірегей бастама саналады.
Айта кетейік, соңғы үш айда (2017 жылғы 1 сәуір мен 31 маусым аралығында) «Қауырт желі 114» мамандарына азаматтардан 144 өтініш келіп түсті. Ең көп өтініштер мен шағымдар Қарағанды, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарынан келіп түскен.
Мамандар хабарласқан азаматтар ішінде ислам мәселелеріне қатысты сауалдардың екі есеге өскенін айтып отыр. Көпшілігі хиджаб және орамал тағу, намаз оқу, «Ораза» ұстау, сонымен қатар исламдағы ажырасу мәселелері бойынша ақпарат білгісі келеді.
Еске сала кетейік, кеңес беру тегін әрі құпия түрде жүреді. Қоңыраулар қалалық телефонынан «114» нөмерін теру арқылы қабылданады.
Оған қосымша қоңыраулар мен хабарламалар WhatsApp нөмері арқылы: +7 777 0000 114, сондай-ақ, www.114.kz. сайтында онлайн түрде қабылданады.
-
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
17 мамыр - байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күні -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады -
Л.Рамазанова: Жаһандық дағдарысты еңсеруде, экономиканы ілгерлетуде әйелдер маңызды рөл атқарады -
Ішкі сауда және экспорт: КТО желісін, Digital Export терезесін құpу, тұтынyшы құқығын қоpғаy мәселелері -
Дәрігер: Қатерлі ісік неғұрлым алғашқы сатыда анықталса, емдеу нәтижелі болмақ
-
Covid-19: «Спутник V» әсері, желідегі ақпараттар, вирус тасымалдаушыны анықтайтын мобильді қосымша -
Сайлау-2021: Жас жұбайлардың, аттылардың сайлауға қатысуы желіде қызу талқыланды
-
Мәдениет министрі әлеуметтік желіде дінді насихаттайтын «жұлдыздарға» қатысты пікір білдірді -
Коронавирус: Вакцина кімдерге егіледі/ Нысандар қандай тәртіппен жұмыс істейді -
«Балалар үйде дегенмен, балалар – желіде» Қазақстанда отбасылық зорлық-зомбылық, кибербуллинг мәселелері шешім тапты ма? -
Коронавируспен күрес: Медицина қызметкерлері 10 тамызға дейін қосымша ақы алады -
Қазақстанның ұлттық парктеріндегі заңбұзушылықтар туралы жедел желі іске қосылды -
42500 теңгені шілдеде алу үшін өтінішті қайда жібереміз -
Бердібек Сапарбаев: Медицина қызметкерлерінің жетіспейтіндігі сезіліп жатыр