- Басты
- Жаңалықтар
- Румынияның СІМ басшысы 27-28 шілдеде Қазақстанға келеді
Румынияның СІМ басшысы 27-28 шілдеде Қазақстанға келеді
Брифинг барысында Д. Батырашев Румынияның Сыртқы істер министрі Теодор Мелешкану 27-28 шілдеде Қазақстанға сапармен келетіні туралы хабарлады. Сапар шеңберінде Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қайрат Әбдірахмановпен келіссөздері және «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде Румынияның ұлттық күніне қатысуы жоспарланған. Сонымен қатар румын делегациясы Қарағанды облысындағы «Дачия» румын ұлттық-мәдени қоғамына сапармен барады.
«Қазіргі таңда Қазақстан мен Румыния арасындағы өзара түсіністіктің жоғары деңгейде екенін, сондай-ақ халықаралық саясаттың көптеген өзекті мәселелері бойынша тараптардың ұстанымдары сәйкес келеді. Саяси диалогты дәйекті қолдауы, екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың серпінді дамуы, сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясында екі елдің күш-жігерін үйлесуі тараптардың одан әрі жақындасуына ықпал етуде», - деді елші.
Румыния Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық әріптестерінің бірі болса, Қазақстан өз кезегінде осы ел экономикасының ірі инвесторларының бірі болып табылады. Іскерлік байланыстарды жандандыруға тұрақты мүдделілік танылуда. Қазақстанның Үшінші жаңғыруын іске асыру аясында Румыниямен мұнай және газ, ауыл шаруашылығы, көліктік-транзиттік әлеуеті, ақпараттық технологиялар мен басқа да көптеген салаларда ынтымақтастықтың болашағы зор. Елші қазанда қазақстандық-румын сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 13-ші отырысы өтетіні туралы хабарлады.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
ДСМ: Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып, жағдай тұрақталып келеді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
ДСМ: Елдегі эпидахуал тұрақталып келеді -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика