- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада жыл басынан бері 112 пультіне 331 мыңнан астам қоңырау келіп түсті
Астанада жыл басынан бері 112 пультіне 331 мыңнан астам қоңырау келіп түсті
«Тіркелген 38 жағдайдың 4-еуі табиғи, қалғандары – техногенді. «112» телефонына жедел көмек көрсету туралы 331-ден астам қоңырау келіп түсті. Әр хабарлама бойынша шаралар қолданды», - деді Барат Тұзақбаев.
Осы уақыт аралығында өрт қызметі апатты-құтқару жұмыстарына 2 757 рет шыққан. 235 адам құтқарылып, 864 адам қауіпсіз жерге шығарылған. Дәрігерге дейінгі көмек 73 зардап шегушіге көрсетілген.
«Қыс қытымыр болса, ал жаз өте ыстық. Астана аумағында 387 өрт орын алды. 1 адам қайтыс болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 89%-ға төмен. Біздің қазіргі негізгі міндетіміз – шомылу маусымы. Қазір аномальді ыстық тұр. Біз адамдар шомылғысы келетінін түсінеміз. Қала төңірегінде шомылуға жабдықталған 4 орын бар: Орталық жағажай, «Үш шабақ», «Астаналық аула» және Қоянды көлі. Ол жерлерде судан құтқару қызметі тәулік бойы кезекшілік етеді. Осыған қарамастан адамдар рұқсат етілмеген жерлерде шомылуды жалғастыруда. 12 адам батып кетті. Алдын ала жағажайлар дайындалып, тексеріс жүргізілетінін түсіну керек. Адамдар шомылуға дайындалмаған орындарда суға кетіп жатады. Үш адам су түбіндегі ағашқа ілініп қалып, қайтып жүзіп шыға алмай қалған», - дейді Барат Тұзақбаев7
Батып кеткен 11 адам мас күйінде болған. Ал суға кеткен бала ата-ананың бақылауынсыз қалған.
«Біз адамдарға қауіпсіздік талаптарын жеткізуге тырысамыз. Бұл ережелерді барлығы сақтауы керек», - деп атап өтті Барат Тұзақбаев.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі