- Басты
- Жаңалықтар
- Иу құрлық порты ҚР мен ҚХР экономикаларының дамуының басты сауда хабына айналуы мүмкін (ФОТО)
Иу құрлық порты ҚР мен ҚХР экономикаларының дамуының басты сауда хабына айналуы мүмкін (ФОТО)


«Иу-Сянцзян-Еуропа бағытындағы алғашқы пойызы 2014 жылы іске қосылған. Қазір Иу қаласынан Орталық Азия, Иран, Ауғанстан, Латвия, Ресей, Беларусь және Лондонға дейін 8 магистраль бар. Біздің теміржол магистраліміз Қазақстан, Ресей, Беларусь, Польша, Германия, Франция және Испания аумағы арқылы өтеді. Барлығы 7 ел. Қытайдың Қазақстанмен шекара маңы аудандарында, сондай-ақ Беларусь пен Испания шекарасында рельстерді үш рет ауыстыру керек. Магистральдің ұзындығы 13 мың км. Барлық магистральдан өту үшін 17-18 күн қажет. Тағы мультимодальдық тасымалдау да бар - пойыз және теңіз жолы. Біздің контейнерлеріміз Иу қаласында кедендік рәсімдерден өтіп, кейін Нинбо портына дейін тасымалданады да, теңіз жолымен жіберіледі. Бұл терминал жыл сайын 400 мың контейнер тасымалдауға арналған», - деді Фан Шу Дон.


Сондай-ақ ол порт екі кезеңмен салынғанын да айтып өтті, біріншісі салынып болса, екінші кезең 2017 жылдың соңында басталмақ.
«Біз ауданымызды бір орталық және төрт аудан ретінде саламыз, осылайша өзіміздің сауда деңгейімізді жақсартып, экономиканы дамытуға ықпал етуге болады. Бірінші кезеңге 150 млн доллар жұмсалған. Негізінен Қазақстанға көпшілік пайдаланатын тауарлар жүгі жіберіледі. Апта сайын Иу қаласынан Орталық Азияға екі пойыз шығады және біреуі кері қайтады. Сондай-ақ машина жасауға арналған бөлшектер де бар», - деп қосты компания басшысы.


Ол Иу порты күн сайын өсіп келетінін және Қазақстан осы процесте басым рөл атқаратынын атап өтті.
«Біздің төрағамыз Си Цзиньпин «Бір белдеу – бір жол» теориясын шығарғанға дейін, біз Иу қаласынан Орталық Азия мен Беларуське дейін теміржол магистральдары бойынша тасымалдаумен айналысқан едік - бұл біздің дәстүрлі бизнесіміз. Төраға БББЖ бастамасын жасағаннан кейін біз Иу қаласынан Еуропаға және әлемнің басқа да қалаларына тасымалдауды дамытуға кірістік. Осы теміржол магистралі жыл сайын танылып келеді. Қазақстан, біріншіден, Кеден одағы мүшелерінің бірі болып табылады. Сіздің еліңіз де басымдыққа ие. Себебі бұрын біз саудамен және Қытайдан Қазақстанға тасымалдаумен айналысқан едік. Өз жүгімізді қай жерге тасымалдасақ та, ол Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Сондықтан бұл елдің стратегиялық мәртебесі. Екіншіден, бұл біз үшін үлкен нарық», - деді Фан Шу Дон.

Сондай-ақ ол Иу қаласы мен Қазақстан экономикаларының байланысын да атап өтті.
«Шын мәнінде, бізде көпшілік тұтынатын тауарлар нарығы әлем бойынша ең үлкен. Сол себепті Иу қаласынан Қазақстанға көпшілік тұтынатын тауарлардың ауқымды көлемін жіберіп отырамыз. Біздің порталымыздың екінші кезеңінен кейін Иу қаласы мен Қазақстан арасындағы сауда одан әрі кеңейе түсетініне сенімдімін», - деп қосты Фан Шу Дон.
Қайрат Жандыбаев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері