- Басты
- Жаңалықтар
- Шетелдіктер ЭКСПО-2017 көрмесі туралы пікірлерімен бөлісті
Шетелдіктер ЭКСПО-2017 көрмесі туралы пікірлерімен бөлісті
Аксель Фор (Франция) көрменің несімен ұнағанын және қатысушы елдердің павильондары туралы өз ойын айтып берді.
«Әрине, маған ЭКСПО-2017 көрмесі ұнады. Әсіресе, Пәкістанның павильоны қатты ұнады, ол өзін көрмеде толық көрсетті деп ойлаймын. Шағын мемлекет болғанымен, тақырыпты кеңінен қозғап, идеясын барлық адамдарға түсінікті етіп жеткізген. Францияның павильонын әлі көрген жоқпын. Өз елім туралы барлығын білемін, сондықтан ең алдымен басқа павильондарды араламақпын», - деді ол.

Ал Ресей Федерациясының павильонынан Аксель Фор ерекше әсер алмағанын айтты.
«Ресей павильонында экология тақырыбы ашылмаған деп ойлаймын. Олар Антарктиданы зерттеу ретінде бір ғана нәрсені көрсеткен. Көбірек есімде қалғаны, бұл - химиялық компаниялар», - деп атап өтті келуші.
АҚШ-тан келген келесі қонақ Роналд Скилз ЭКСПО-ның 15 көрмесінде және жалпы 75 елде болған. Ол ЭКСПО-2017 көрмесін жоғары бағалады.
«Мен әлем бойынша ЭКСПО-ның 15 көрмесінде болдым. Маған ЭКСПО-2017 көрмесі ұнады, мұнда өте әдемі. Әлі барлық павильондарды толық аралап болған жоқпын, бірақ барлығы да тамаша орындалған. Сіздердің көрмелеріңіз барлық ЭКСПО көрмелері арасында ең үздік деп санаймын. Мұндай ауқымды іс-шараларды қалдырмауға тырысамын», - деді Роналд Скилз.

Қытай павильонының қызметкері Дан Лью (Қытай) ЭКСПО-2017 көрмесінен кейін Қазақстанға тағы да келуді жоспарлап отыр.
«Маған ЭКСПО көрмесі өте ұнады. Мұндағы адамдар да жақсы. Мен қазақстандық "Нұр-Әлем" павильонында болдым. Ондағы барлық экспозицияларды қарап шықтым, Бұл менің Қазақстанға алғашқы сапарым. Көрмеден кейін Қазақстанға отбасыммен бірге келуді жоспарлап отырмын», - деп бөлісті Д. Лью.

Қазақ тілін еркін меңгерген Абдикарим Абдифатаим (Нигерия) да ЭКСПО көрмесінің қызметкері болып табылады.
«Шын айтсам, мен ЭКСПО-2017 көрмесіндегі павильондарда әлі болған жоқпын, себебі Африка плазасында жұмыс істеймін. Өзім Нигериядан боламын. Қазақстанда тұрып жатқаныма үш жыл болды», - деп атап өтті ол.

Абдикарим Абдифатаим қазақ тілін қалай үйреніп алды деген сұраққа былай деп жауап берді:
«Мен қазақ тілін екі жылда үйреніп алдым, оған достарым көмектесті. Мен әншімін, негізінен қазақ тойларында ән айтамын. Менің қазақ тіліндегі өз авторлық әндерім бар. Жуық арада Нигерияға оралуды жоспарлап отырмын», - деді әнші.
Айта кетейік, 17-23 шілде аралығында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде 285 300 адам болған, яғни орта есеппен күніне 40 757 келуші келіп отырған. Көрмеге келушілердің жалпы саны осы уақыт ішінде 1 484 300 адамды құраған.
Ақбота Күзекбай
Автордың суреті
-
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
Вакцина алғандар әсерімен бөлісті