- Басты
- Жаңалықтар
- «Маржан» күріш сорты авторының еңбек жолы
«Маржан» күріш сорты авторының еңбек жолы
el.kz хабарлағандай, 1962 жылы Қазақтың мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтының агрономия факультетіне түсіп, оны селекция және тұқым шаруашылығы мамандығы бойынша бітіргеннен кейін Қызылорда облыстық күріш тәжірибе стансасына аға ғылыми қызметкер болып орналасты. 1974 жылы осы стансаның негізінде Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты құрылды.
Құрманбек Бәкірұлы осы ғылыми мекемеде сол кезден бастап күні бүгінге дейін аға ғылыми қызметкер, топ жетекшісі, бөлім меңгерушісі, ғалым-хатшы, 1995 жылдан директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, ал 2005 жылы зейнеткерлік жасқа толғаннан бастап тұқым шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі қызметтерін үзбей атқарып келеді.
1979 жылы кандидаттық дисертация қорғаған қазақтың күріш жөніндегі ғылыми зерттеу институтында бөлім меңгерушісі болған, «Маржан» күріш сортының авторы.
Қ. Бәкірұлы ғылыми және қоғамдық жұмыстары үшін КСРО-ның БХШЖ көрмесінің (Мәскеу қаласы) қола медалінің, «КСРО өнертапқышы» және «Үздік өнертапқыш» белгілерінің иегері, БЛКЖО-ның, Қазақстан Республикасы ҰАЗО-ның, Ауыл шаруашылығы Министрлігінің, Қызылорда облыстық Халық депутаттары кеңесінің, Қызылорда облысы әкімі мен Маслихатының және КСРО Ішкі істер министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Ол республикада алғашқылардың бірі болып (1997 ж.) Мемлекеттік ғылыми стипендияның, Қызылорда облысы әкімінің 2006 және 2008 жылдарғы стипендиясының иегері болды және Маржан сортын шығарып өндіріске енгізгені үшін бір топ әріптестерімен бірге екі мәрте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ұсынылды. 2004 жылы ол Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен, 2011 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданының дамуына елеулі үлес қосқан үшін «Ы.Жақаев-120 жыл» медалімен, 2012 жылы облыс акімінің «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына – 80 жыл» Алғыс хатымен және 2014 жылы «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына 80 жыл» медалімен марапатталды.
2015 жылы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы ғылымдар академиясы корреспондент-мүшесі болып сайланды.
Қ. Бәкірұлы өзінің білімділігі, адалдығы, табандылығы, адамгершілігі және өте кішіпейілдігі арқасында институт ұжымы, облыс жұртшылығы мен республикадағы әріптестері арасында үлкен абыройға ие. Ол үлгілі отбасының басшысы, үш бала өсіріп, алты немере тәрбиелеп отыр.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Еңбек инспекторлары 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
Еңбек қауіпсіздігі: Жұмысшылар құқығы, өндірістік жарақат және әлеуметтік төлемдер -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Жұмыспен қамту шаралары: «Еңбек» және «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы қалай іске асып жатыр