- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Байбек жаяу жүргіншілерге басымдылық беретін қала көшелерін қайта жасаудың барысын тексерді
Б.Байбек жаяу жүргіншілерге басымдылық беретін қала көшелерін қайта жасаудың барысын тексерді
Қала әкіміне қазіргі кезде жылу жүйелерін ауыстыру жұмыстарының аяқталғаны,арық лотоктарының төселгені, кеспе тастар негізінің жасалғаны, көше жарығы желілерінің тартылғаны, құрғақ сұбұрқақтардың іске қосылғаны баяндалды.
Келесі аптадан бастап жоғарыда аталған көшелерде бірыңғай архитектуралық стиль қалыптастыру үшін нысандардың сыртқы беттерін жаңарту жұмыстары басталады.Бұрыннан бар жасыл желектер сол бойы сақталады. Көмескі кеңістікті кеңейту мақсатында биік ағаштар, қайың, емен және басқалары, мыңнан астам бұта-шілік отырғызу қарастырылған.Жалпы 330 мың шаршы метр жерге жасыл желек отырғызылады.
Жібек жолы көшесін Қонаев көшесінен Желтоқсан көшесіне дейін қайта жасау барысында Арбат бұрынғы келбетін сақтайды,толық абаттандырылады және жеке функционалды аймақтарға бөлінеді. Демалыс орындары артады, бұрыннан бар фонтандар қайта жасалады, спорт және балалар алаңдары пайда болып, кеспе тастың орнына жоғары сапалы гранит төселеді.
Панфилов көшесі бойымен Қабанбай батыр көшесінен бастап Жібек жолына дейінгі аралықтағы жаяу жүргінші жолына да гранит төселеді, мұнда да демалатын орындар, спорт және балалар алаңдары, абаттандырылған веложолдар болады. Атап өтерлік жайт, жөндеу жұмыстары басталған кезде көне қаланың ескі кеспе тастары табылған еді, жобаның жалпы композициясында олар да пайдаға асады.
«Астана» алаңында көлік қозғалысы жолағы қысқарады, босаған кеңістіктерге қосымша ағаштар отырғызылады, екі құрғақ субұрқақ пайда болады. Осылайша, жаяу жүргіншілер мен көлік легі екіге бөлінеді, автотұрақ аймағы шектеледі. Алаңның солтүстік бөлігіне экологиялық таза гранит тастар төселеді.
Қабанбай батыр мен Гоголь көшелерінде қозғалыс бөлігін шектеу қарастырылмаған, бірақ жаяу жүргінші жолының түгел бойына көлік қоюға тыйым салынады,автомобильді тек арнайы жабдықталған «қалталарда» ғана қалдыруға болады. Тротуарларға гранитті және бетонды плиткалар төселеді, газондарды қорғау үшін бұтақ-шіліктер отырғызылып, балалар алаңдары және басқалары ұйымдастырылады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі