- Басты
- Жаңалықтар
- ЕХӘҚ жұмыс тобы ОҚО жұртшылығымен кездесті
ЕХӘҚ жұмыс тобы ОҚО жұртшылығымен кездесті
26 шілде мен 2 тамыз аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі басшыларынан тікелей кеңес ала алады.
Осы күндер ішінде министрліктің басшылық құрамы облыстағы барлық аудан, қалаларда болып, жергілікті тұрғындардың мәселесін шешу және еңбек заңнамасындағы қазақстандықтардың құқығы мен мемлекет тарапынан берілетін саналуан көмек түрлерін түсіндіру мақсатында жастармен және ауылдық округ активтері өкілдерімен кездесетін болады.
Министр Тамара Дүйсенованың бастамасымен қолға алынған Еңбекмині күні Қазығұрт ауданынан бастау алды.
Қазығұрт ауданында болған жұмысшы топ әлеуметтік көмекті жаңғырту, «Өрлеу» жобасына қатысу, зейнетақы жүйесінің реформасы, жұмыс берушілер мен жұмысшылардың құқығын сақтау сынды мәселелер бойынша аудан активімен және кәсіпкерлермен кездесті. Жиында мұнан бөлек, мүгедектер құқығын қорғау, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және нысандарды мүгедектерге қолжетімді болатындай етіп бейімдеу жайы да сөз болды.
Сонымен қатар, ведомства өкілдері әлеуметтік көмек мәселесі бойынша тұрғындарды жеке қабылдау өткізді.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде