- Басты
- Жаңалықтар
- 1 қыркүйектен бастап қазақстандық мектептердің 500-ден астам сыныбы ағылшын тілінде білім алады
1 қыркүйектен бастап қазақстандық мектептердің 500-ден астам сыныбы ағылшын тілінде білім алады
«1 қыркүйектен бастап қазақстандық мектептердің 500-ден астам сыныбы ағылшын тілінде білім алады. Біз үшін бұл эксперимент өте маңызды. Бір жыл бойы біз оқушылар мен мектеп ұстаздарын бақылайтын боламыз, оның қорытындысы бойынша келер жылы ұстаздар мен ата-аналар қоғамдастығымен талқылау жүргіземіз. Біз үштілді білім беруге кезеңдік түрде көшу кестесін әзірлейміз. Бүгінгі таңда қорытындылар оңтайлы. Балалар қорықпайды, ата-аналар қолдап отыр. Ұстаздар да жақсы көрсеткіштерге ие», - деді Е.Сағадиев.
Айта кетейік, Ұлт жоспары аясында ағылшын тіліне кезеңдік өту жоғарғы сыныптар мен ЖОО-ларда жүзеге асырылады.
Басты мақсат – шығарылып жатқан кадрлардың біліктілігін арттыру мен жалпы білім беру секторында экспорттық әлеуеттің артуы. Осы орайда БҒМ орыс мектептерінде қазақ тілін үйрету туралы жаңа әдісті әзірлеп жатыр.
«Мәселе үш тілде білім беру болып отыр. Біріншіден, ол қазақ тіліне байланысты. Бұл аз талқыланбады. Жағдай жаман емес, себебі қазақ балаларының 90 пайызы қазақша білім алады. Биыл абитуриенттердің 76 пайызы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырды. Басты мәселе орыс тілінде оқитын 500 мың оқушы қазақша сөйлемейді. Сондықтан да биыл 1000 мектепте эксперимент ретінде жаңа әдіс енгізіледі», - деді министр.
Сондай-ақ, биыл 12 мың қазақстандық ұстаз ағылшын тіліне жазылды.
«Олардың 4 мыңы білім алуға кірісті, қалған 8 мыңы оқуға қыркүйекте кіріседі. Курстар үштен тоғыз айға дейін созылады. Ең маңыздысы – қалаға келіп 9 ай оқу, онда жұмыс орны, жалақы сақталып, шәкіртақы, іссапар ақысы мен өзге шығындар төленеді. Егер ұстаз оралған соң ағылшын тілінде білім беруге көшсе, жалақы өседі», - деді Ерлан Сағадиев.
Министр Ұлт жоспары аясында 12 жылдық білім беруге көшу туралы айтып өтті.
Ақбота Күзекбай
Фото: Арман Мұхатов
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді