- Басты
- Жаңалықтар
- Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті кімдер алады
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті кімдер алады
«Қазір форматтың идеологиясы өзгеріп жатыр. Кедейлік дәрежесінен төмен кірісі бар барлық әлеуметтік аз қамтылған отбасылар алады. Егер отбасында жұмысқа қабілетті адам болса, алайда белгілі бір себептерге байланысты жұмыс істей алмаса, олар ешбір талапсыз атаулы әлеуметтік көмекті ала алады. Егер де отбасында жұмыс істеуге қабілетті адам болса, олар біздің жұмыспен қамту бағдарламасына қатысса, отбасына әлеуметтік қолдаудың екі топтамасына ие болады: атаулы әлеуметтік көмек, екіншісі - еңбекке қабілетті жандарға беріледі», - деді министр.
Ведомство басшысы айтып өткендей, еңбекке қабілетті отбасы мүшелері мемлекет есебінен білім алып, несие ала алады. Оларды жұмыспен қамту мақсатында ерікті түрде өзге аймақтарға ауыстыру мүмкіндігі де бар.
Сондай-ақ, Т.Дүйсенова айтып өткендей, елдің 2 млн зейнеткеріне жоғары зейнетақы төленді.
«Осы айда ғана қосымша 50 млрд теңгені 2 млн зейнеткерге төледік. Баланың тууына байланысты жәрдемақы 20 пайызға артты. Бұл 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жүзеге асырылуда», - деді Т.Дүйсенова.
Осыған дейін министр 2016 жыл қорытындылары бойынша жұмыс берушілер жасаған жеке еңбек шарттарының саны 60 мыңға дейін көбейген. Сондай-ақ, еліміздің ірі кәсіпорындарының 93%-ында ұжымдық шарттар бар екендігін айтқан болатын.
Ақбота Күзекбай
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды