- Басты
- Жаңалықтар
- Жеке еңбек шарттарының саны 2016 жылы 60 мыңға дейін көбейген
Жеке еңбек шарттарының саны 2016 жылы 60 мыңға дейін көбейген
Министр Тамара Дүйсенова Ұлт жоспарын орындау үшін 2014-2015 жылдар аралығында Еңбек кодексінің жаңа жобасы әзірленгенін еске салды.
«Еңбек кодексінің жаңа жобасы 2015 жылдың соңында қабылданып, 2016 жылғы 1 қаңтарда күшіне енгенін білесіздер. Қазір осы Кодекс бойынша жұмыс істеген жұмыс тобы мониторинг жүргізуде. Жұмыс берушілер де, жұмысшылар да белсенділік танытуда. Еңбек кодексін одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар бар», - деді ведомство басшысы.
Жаңа Еңбек кодексі 2016 жылға дейін қолданыста болған кодекстен несімен ерекшеленеді.
«Жаңа Кодекстің тұжырымдамалық негізі - жұмыс беруші, жұмысшы және мемлекет арасындағы еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі функциялардың аражігін ажырату. Мемлекет базалық стандарттарды әзірлеу және барлық жұмыс берушілердің оны орындауын қамтамасыз ету міндетін өзіне алды, ал қалған еңбек қатынастары жеке еңбек шарттары мен ұжымдық шарттардың негізінде жұмыс берушілер мен жұмысшылардың арасында шешілуі тиіс», - деп атап өтті Т. Дүйсенова.
Сондай-ақ спикер жеке еңбек шарттары мен ұжымдық шарттар санының көбейгені туралы да айтып өтті.
«Біз Кодексті дайындаған кезде оны көп талқыладық. Бірінші кезекте бұл жеке еңбек шартына қатысты болды – жұмыс берушілер еңбек шарттарын қаншалықты жасайды, себебі көптеген бұзушылықтар орын алып жатты. Бүгінде жүргізілген мониторингке сәйкес, 2016 жыл қорытындылары бойынша жұмыс берушілер жасаған жеке еңбек шарттарының саны 60 мыңға дейін көбейген. Оларға бүгінгі күні еңбек нарығына еніп, шарттар жасасқандар ғана емес, сонымен қатар жұмыс істеп жүріп, бірақ олармен еңбек шарттары жасалмаған жұмысшылар да кіреді. Екінші мәселе ұжымдық шарттарға қатысты. Жұмыс беруші жұмысшының пікірін қаншалықты назарға алатыны туралы көп ұсыныс түсті. Барлық ірі кәсіпорындардың 93%-ға жуығында, орта кәсіпорындардың 89%-ында және шағын және орта бизнестің 43%-ында ұжымдық шарттар бар», - деп нақтылады ол.
Тамара Дүйсенова хабарлағандай, бүгінгі таңда биылғы жыл қорытындыларын жариялау үшін мониторинг жүргізілуде.
Еске сала кетейік, 2015 жылғы 23 қарашада Елбасы «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру мақсатында әзірленген Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексіне қол қойған болатын. Еңбек кодексі еңбек қатынастары жүйесін жаңартуға бағытталған.
Ақбота Күзекбай
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда