- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да салынып жатқан автозауыт республиканың ЖІӨ-сін ұлғайтады
ШҚО-да салынып жатқан автозауыт республиканың ЖІӨ-сін ұлғайтады
"ҚазАвтоӨнеркәсіп" Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындары одағының басқарма төрағасы Олег Алферов атап өткендей, бұл еліміздің машина жасау саласының ең ірі жобасы.
Зауыт құрылысын ШҚО әкімдігінің қолдауымен "Бизнестің жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» холдингі жүргізуде. Сол алаңда компоненттер өндіру технопаркі құрылуда. Жоба толық қуаттылығына шыққаннан кейін 12 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
«Инфрақұрылым, ең алдымен, электрмен жабдықтау қуаттылықтары, жолдар, сумен жабдықтау объектілері мен теміржол тармағының құрылысы жүріп жатыр. Ағымдағы кезеңде жобаға жоба инвесторының 60 млн доллардан астам өз қаражаты салынды. Өткізу және қызмет көрсету инфрақұрылымы күшейтілді. Экономикалық салым жағынан болашақ өндіріс республиканың ЖІӨ-сін 1 млрд долларға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл тарихымыздағы машина жасау саласының ең ірі жобасына айналады», - деп атап өтті Олег Алферов.
Жобаға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 80 млрд теңгеге жуық. Автомобильдер шығарылымы екі кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде 60 мың бірлік шығарылса, екінші кезеңде зауыт қуаттылығы 120 мың бірлікке дейін жеткізіледі. Шығарылатын машиналардың көп бөлігі ең алдымен Ресей нарықтарына экспортталады.
-
Транзиттік тасымалдардың дамуы және қабылданып жатқан шаралар -
QR-код: Жұмыс істеп жатқан базар, сауда, ойын-сауық орталықтары мен үй жанындағы дүкендерге енгізу қажет емес -
Полиция қызметкері: Жанып жатқан үйге кездейсоқ жолықтық -
«Ел үміті» жалпыұлттық бастамасы аясында жүзеге асып жатқан жобалар -
Бердібек Сапарбаев: Жүзеге асырылып жатқан жобалар қордайлықтардың тұрмысын жақсарта түсу керек -
Д.Абаев: Карантин талаптарын орындамаған тұрғындарға айыппұл салынып, қамауға алынуы мүмкін -
Келіп жатқан тауарлар химиялық өңдеуден өтуде – С.Омаров -
Қазақстан – аймақтағы ең қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі – сарапшы -
Өңірлер: Алматы облысында жүргізіліп жатқан қоғамдық шаралар -
Жолдау - жүзеге асырылып жатқан стратегиялық бастамалардың заңды жалғасы – депутат -
Б. Сағынтаев Ақтөбе облысында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты -
Қарағандыда инновациялық технологиялар бойынша тұрғын үй кешендері салынып жатыр -
Дәурен Абаев Конституциялық реформаны өтіп бара жатқан жылдың елеулі оқиғасы деп атады (ВИДЕО) -
ҚР Президенті: Өтіп бара жатқан жыл жарқын және ауқымды оқиғаларымен есте қалады -
Тұңғыш Президент күні бес жыл қатарынан аталып келе жатқан мереке - Дархан Жазықбаев