• Басты
  • Алматы облысында кәсіпорындарды орналастыру картасы әзірленді
26 Шілде, 2017 09:14

Алматы облысында кәсіпорындарды орналастыру картасы әзірленді

Алматы облысында шаруа қожалықтары мен өңдеуші кәсіпорындар арасындағы тығыз байланыс жолға қойылған, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Алматы облысында кәсіпорындарды орналастыру картасы әзірленді

 Көксу қант зауытына өңірдің 560 шаруа қожалығы қант қызылшасын тапсыратын болса, Жаркент крахмал-сірне зауытымен 540 жүгері өсіруші шаруашылық жұмыс істейді. Ал Текелі ашытқы зауыты 100-ден астам шаруашылықты біріктіріп отыр.

Жалпы облыста агроөнеркәсіптік кешеннің ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің 9 басым бағыты белгіленген. Атап айтқанда, астық, майлы дәндер, қант қызылшасы, көкөністер мен жемістер, ет, сүт, балық және жүн өңдеуге басымдық берілмек.

Облыста Өңдеу кәсіпорындарының 2021 жылға дейінгі орналасуының егжей-тегжейлі картасы әзірленген. Оны жүзеге асыру ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласын индустрияландыруға, кооперация мәселелерін шешуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Бұл орайда зауыттар өңдеуші кәсіпорын ретінде негізгі өзек бола отырып, маңайына шаруа қожалықтарын топтастырып отыр. Бүгінгі күні Көксу қант зауыты, Жаркент крахмал-сірне зауыты мен Текелі ашытқы зауыттары осының айқын айғағы бола алады.  

Алдағы уақытта бұл қатарға Ақсу қант зауыты, ирандық «Империя Фуд» компаниясымен бірлескен, экспортқа бағытталған, жылына 8 мың тонна өнім шығаратын ет өңдеу зауыты және басқа да нысандар қосылатын болады.  

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды