- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде халықаралық деңгейдегі бассейн пайдалануға берілді
Ақтөбеде халықаралық деңгейдегі бассейн пайдалануға берілді
Жаңа «Батыс-2» шағын ауданындағы алаңқайға екі жыл ішінде халықаралық деңгейдегі екі қабатты спорт кешені салынды. Оның сметалық құны 1,5 млрд теңге. Бұл әмбебап оқу-жаттығу кешені, ол спорттық және синхронды жүзу, су полосы құралдарымен жабдықталған. Шараны 400 көрермен тамашалай алады. Бассейнде тереңдігі 2-3 метр, ұзындығы 50 метрлік 10 жол бар. Күніне 16 сағат жұмыс істейді. Бір кезекте 250 адам жұмыс істейді.
«Өңірде Мемлекет басшысының 2020 жылы спортпен айналысатын тұрғындар санын 30 пайыздың деңгейге жеткізу туралы тапсырмасы сәтті орындалуда. Ақтөбе қаласы тұрғындарының төрттен бірі тұрақты түрде спортпен айналысады. Облыста спорттың түрлерін дамыту және спорт нысандарының тұрғындарға қолжетімді болуы үшін барлық жағдай жасалуда», - деп атап өтті облыс әкімі Архимед Мұхамбетов кешеннің ашылу салтанатында.
«Болашақта әр мектеп заманауи спорт алаңына ие болады. Ең үлкен жаңа нысан Мұз сарайы болмақ. Облыста соңғы уақытта «Авиатор» стадионы, ат спорты мектебі салынды, «Химик» стадионы қайта қалпына келтірілуде. Жасанды төсемі бар 70 заманауи спорт алаңы ашылды. Оның санын екі еселеуді көздеп отырмыз», - дейді аймақ басшысы.
Ақтөбелік жүзушілердің мақтанышы – Лондон олимпиадасына қатысушы Александр Тарабарин, жүзуден Қазақстан чемпионы ағайынды Айбек және Әлібек Қамзеновтар, Астам Бағандықов және Максим Бурлачколар. Жаңа бассейнде республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізіледі.
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
Қазақстандық әнші халықаралық «Яңы моң» музыкалық жобасында бақ сынауда -
Ұлттық жоспар - 2025 және халықаралық тәжірибе -
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары -
Шағын және орта бизнес: халықаралық және ішкі ахуал -
Діни басқарма спорт кешенін салып, пайдалануға берді -
22 халықаралық IT-компания Astana Hub қатысушысы атанды