- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда автомобиль өндірісі 3,6 есе өскен
Қазақстанда автомобиль өндірісі 3,6 есе өскен
Бірінші жартыжылдық қорытындылары бойынша Қазақстанда 64,5 млрд теңге сомасына 8 768 автомобиль шығарылған. Автомобиль өндірісі 3,6 есе өскен (8 768 бірлік).
Осы ретте, жергілікті жерде құрастырылған автомобильдерді өткізу 57,5%-ға өскен. Қазавтоөнеркәсіптің ішкі нарықтағы үлесі 21,8%-дан 37%-ға дейін өскен. Автомобильдердің 10,7%-ы экспортқа жіберілген.
Автоөнеркәсіптің республиканың ЖІӨ-сіне үлесі (64,5 млрд теңге) фармацевтикалық және жеңіл өнеркәсіп көрсеткіштерінен асып, 20,1%-ға өскен.
Жеңіл автомобильдер өндірісі 7 779 бірлікке жетіп, 5,3 есе өскен. Автобус техникасының шығарылымы (313 бірлік) 2017 жылғы қаңтар-маусым қорытындылары бойынша бір жыл бұрын болған көрсеткіштен 4,4 есе асқан. Жүк автомобильдерінің өндірісі (487 бірлік) 32,1%-ға қысқарған.
2017 жылғы маусым қорытындылары бойынша автомобильдер шығарылымы 1818 бірлікті құраған, өсім 2016 жылдың ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2,5 есені құраған.
Есепті кезең қорытындылары бойынша 831 автомобиль (салалық өткізудің 10,7%-ы) Қытайға, Ресейге, беларусь пен Тәжікстанға экспортталған.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді