- Басты
- Жаңалықтар
- ҚТЖ 68 шақырым теміржолға күрделі жөндеу жүргізілді
ҚТЖ 68 шақырым теміржолға күрделі жөндеу жүргізілді
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, жөндеу жұмыстары Алматы, Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды, Семей магистральдық желілерінің өңірлік бөлімшелері қамтылды. Оның сыртында, ағымдағы жөндеуден кешенді жол машиналарының көмегімен 4,5 мың шақырым жол жөнделді.
Оның ішінде «Duomatic» кешені көмегімен 2100 шақырым жөнделіп, 570 шақырым жол түзетілді. «Atlas» машинасымен 1400 шақырым рельс егеліп тазартылды. 170 шақырым жолдың қиыршығы тазартылды. 200 шақырымның рельс табаны алмастырылды.
«Жазғы маусым – жолшылар үшін күрделі кезең. Бұл кезде жолшылар көп жұмысты атқарып қалуы жоспарланады. Жаздың алғашқы жартысындағы алапат ыстық, жауын-шашынды болса да, еңбеккерлер теміржолды қалыпты ұстауын үзбеуі тиіс. Яғни, теміржол үздіксіз жұмыс істеп, пойыздар белгіленген кестеден еш кешікпеуі тиіс»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Жол және имараттар департаментінің директоры Аманқос Баймағамбетов.
Жазғы маусымда жол жөндеу жұмыстарымен қатар 77 жасанды имараттарды ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарланған. Бүгінгі таңда «Көпір отряды-1» компаниясының еңбеккерлері 34 нысандағы жөндеу жұмыстарын аяқтап, үшеуінде жұмыстарын жалғастыруда.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ 77 шақырымнан астам жолға орташа жөндеу жүргізуі керек болса, 317 шақырымға күрделі жөндеу жұмыстарын атқаруы көзделген.
Биылғы жылы Компания өңірлердегі жол шаруашылықтарының жөндеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында шағын механикалық құралдардың 4,5 мың данасын сатып алды.
Теміржолды жаңғырту жұмыстары пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жолаушылар және жүк пойыздарының жылдамдығын арттыруға бағытталған.
-
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Елордадағы эпидахуал күрделі -
2021 жылдың бірінші тоқсанында 683 мыңнан астам адам АӘК алды -
Жол жөндеу кезінде техникалық қадағалау рейтингі жасалмақ -
Коронавирустың екінші толқыны: Жағдай күрделі, бірақ бақылауда -
Әлемдегі эпиджағдай күрделі: Франция мен Германияда қайтадан карантин жарияланды -
COVID-19: Әлемдегі эпиджағдай күрделі. Лондонда, Мәскеуде карантин шаралары күшейтілді -
COVID-19 екінші толқыны: Әлемдегі ахуал күрделі -
Тоқаев: Үкімет күрделі кезеңде тиімді жұмыс жүргізуде -
Бақытжан Сағынтаев: Алматыда эпидемиялық жағдай бақылауда, бірақ күрделі -
Түркістан: Түлкібаста қоғамдық орындарға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді -
Биыл «Атырау-Астрахань» тасжолының 60 шақырымында қозғалыс ашылады -
Шымкентте мың шақырым жерге минералды жолақ жыртылды