- Басты
- Жаңалықтар
- Астана мен Челябинск тікелей әуерейсін ашады
Астана мен Челябинск тікелей әуерейсін ашады
24 шілде Ресей павильоны алаңында Челябинск облысының «Қолжетімді энергия: инфрақұрылымдағы инновация» тақырыптық апталығы басталды. Шаралар легін «Урал» мемлекеттік би ансамблінің концерттік бағдарламасы ашты. Бүгін Челябинск облысының стенді ашылды. Онда Оңтүстік Урал энергетика саласында, оның ішінде баламалы көздері туралы компаниялар мен ғылыми ұйымдардың жобалары ұсынылды.
Челябинск облысының губернаторы Борис Дубровский Астанаға Ресей Федерациясының павильонында Челябинск облысының күндерінің ашылуына және «Бизнес энергиясы – даму энергиясы» бизнес-форумына қатысу мақсатында арнайы келді.
«Құрметті Борис Александрович, Қазақстанның астанасы – Астанада, ЭКСПО-2017 көрмесінде өзіңізді көргенімізге қуаныштымыз. Біздің халқымыздың, ел басшыларының қарым-қатынасы мен стратегиялық серіктестігі барлық бағытта қарқынды дамуда. Біз, Астана ресейлік аймақтармен сауда, туризм, тіпті барлық бағытта әріптестігімізді дамытқымыз келеді. Сол себепті ЭКСПО көрмесінде Челябинск облысының апталығы, көптеген конференциялар, дөңгелек үстелдер, бизнес өкілдерімен кездесулер өтіп жатыр. Біз сәтті келіссөздер жүргізіп, бірлескен жобаларымыз туралы сөйлестік», - деді қала басшысы Челябинск облысы апталығының ашылу рәсімінде.
Кездесу аясында тараптар екі аймақ арасындағы қарым-қатынастың басым бағыттарын талқылады. Тәжірибемен бөлісубағытындағы негізгі мәселе – ШЫҰ мен БРҮҚО саммиттеріне дайындалу және өткізу , оның ішінде қалалық инфрақұрылым нысандарына қатысты болды. Сонымен қатар өңір басшылары Қазақстан мен Ресейдің ірі аймақтарында ақылды қала жүйесін енгізу мәселелерін саралады. Машина құрылысы саласында ынтымақтастық орнату да сөз болды. Челябинск облысы Қазақстанға азық-түлік импорттауды ұсынды.
Екі жақты келіссөздің ең маңызды сұрақтарының бірі аймақтар арасындағы логистикалық мүмкіндікті ұлғайту болды. Атап айтар болсақ, Астана-Челябинск әуе рейсін ашу және «Екатеринбург –Челябинск» Урал жылдам магистраль құрылысын мүмкіндігінше Астананы қамту арқылы жүргізу ұсынылды.
Келісілген сұрақтар сапалы жүзеге асуы үшін губернатор мен әкім бірлесіп, жобалардың жүзеге асуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс тобын құруға келісті.
«Біз Астана мен Челябинск арасында міндетті түрде жаңа рейс ашамыз деп болжадық. Әзірге аптасына 2-3 рейс болады деп жоспарлаудамыз. Бұл бизнестің, туристік қарым-қатынастың артуына жаңа серпін беретініне сенімдімін. Қазақстандық достарға біздің ұсынарымыз көп. Сіздерде де Челябинск тұрғындарына көрсетер дүниелеріңіз көп. Бірақ ЭКСПО жұмысымен бізге мұнда келу өте қызық болады», - деді Борис Дубровский.
Бұдан бөлек, Челябинск облысының апталығы аясында конференция, бизнес-форумдар кәсіпкерлермен кездесулер өтеді, келіссөздер жүргізіледі. Ертең «Баламалы энергетиканың болашағы: реалдар мен келешегі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтеді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады