- Басты
- Жаңалықтар
- Элазар Коэн: ЭКСПО-2017 көрмесінің ұйымдастырылуы жоғары деңгейде
Элазар Коэн: ЭКСПО-2017 көрмесінің ұйымдастырылуы жоғары деңгейде
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің 45 күндік қорытындысы бойынша израильдік павильон 139 мың қонақ қабылдады, Осы кезеңде Израиль павильонына бірнеше жоғары лауазымды делегациялар, оның ішінде Қазақстан, Қытай, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Монако, Жапония, Италия, Малайзия, Корея, Литва және Аргентина елдерінен келді.
«Қазірдің өзінде ЭКСПО-2017 ұйымдастырылуының жеткілікті жоғары деңгейі көрмені ерекшелейтінін сенімділікпен айтуға болады», - деді Израиль павильоны бас комиссары Элазар Коэн.
Айта кетсек, Израиль ЭКСПО-2017 аясында Ұлттық күнін 29 маусымда, өз қонақтарын мәдениеттің алуан түрлілігімен таң қалдыра отырып, ұлттық нақышта атап өтті. Аты әлемге әйгілі King David Peace Drummers барабаншылар тобы және израильдік шығу тегі эфиопиялық әнші Avevа концерттік бағдарламаларымен өнер көрсетті.
18 және 19 шілдеде джаз энергиясымен Yogev Shetrit триосы қуаттандырды. 22 және 27 маусым аралығында Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы және израильдік Tiltan дизайн коллежджінің жас дизайнерлері «баламалы энергияға» деген өз шығармашылық көзқарастарымен бөлісті. Айта кетсек, студенттердің жұмыстарын танымал қазақстандық суретшілер мен дизайнерлер: Зинидин Исниязов, Асхат Ахмедьяров пен Серік Буксиков, Сергей Тюрин бағалады.
5 және 8 тамыз аралығында Астанада израильдік Di Gasn триосының еліктіріп әкететін энергиясы бар клезмер концерттері жоспарлануда. 29 және 30 тамызда Malabi Tropical джипси, регги, сальса әуендерімен жандыра отырып өз гала-концертін өткізеді.
Бұдан бөлек, ЭКСПО-2017 аясында израильдік сарапшылар мен көрнекті қайраткерлер, сондай-ақ БАҚ өкілдері іскерлік іс-шаралар мен форумдарға белсенді қатысты. Айта кету керек, израиль-қазақстандық қарым-қатынас аясында ЭКСПО-2017 көрмесінде бизнес-форумдар өткізілді, және іскерлік маусымның басталуымен тағы бірқатар израильдік және қазақстандық бизнесмендердің қатысуымен іскерлік шаралар жоспарланған.
-
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
ІІМ-нің Жоғары оқу орнына түсу талаптары қандай -
COVID-19: Италияда "Спутник V" жоғары бағаланды, Британияда коронавирустың жаңа вариациясы табылды -
Қазақстан демократиялық дамудың жоғары деңгейін көрсетті – итальяндық бақылаушылар
-
Сарапшылар пікірі: «Саяси реформа жасалып, халықтың уәжі жоғары жаққа жетуі тиіс» -
“Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогі-2020” жастар жобасы халықаралық деңгейде өтті -
Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде өзгеріс көп -
Жоғары Сот Кеңесі судьялардың бос лауазымдарына конкурс жариялады -
Жоғары Сот судьясы: Соңғы кезде судъяларға қоғамдық қысым күшейді -
Жоғары оқу орындарындағы білім сапасы талқыланды