- Басты
- Жаңалықтар
- Жаңа темір жол вокзалы пайдалануға берілген кезден бастап шамамен 305 мың жолаушыға қызмет көрсетті
Жаңа темір жол вокзалы пайдалануға берілген кезден бастап шамамен 305 мың жолаушыға қызмет көрсетті
«Жаңа вокзалдың өткізу мүмкіндігі тәулігіне 35 мың жолаушыға дейін жетеді. Ал, бұрынғы вокзалдың өткізу мүмкіндігін қоса есептегенде 47 мың жолаушығы дейін қамтиды. Яғни, Астанадағы жолаушылар ағынын, әсіресе халықаралық көрме өтіп жатқан кезеңде де толық қамтамасыз етуге мүмкіндік бар», - деді ол.
Мемлекеттік бағдарлама аясында салынған жаңа астаналық «Нұрлы жол» темір жол вокзалы пайдалануға берілген кезден бастап шамамен 305 мың жолаушыға қызмет көрсетті.
«Биыл маусым айының басынан бері Астана қаласы әуежайының жаңа терминалы 19 шетелдік әуе тасымалдаушының халықаралық рейстеріне қызмет көрсетті («LOT Polish Airlines», «WizzAir», «FinnAir», «Air China», «Lufthansa», «Air Arabia» және т.б.). Сондай-ақ, Делиге, Варшаваға, Хельсинкіге, Будапешке, Бейжіңге, Ереванға, Киевке, Минералды Суларға, Батумиге жаңа рейстер ашылды», - деді Ж.Қасымбек.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек әуе жолаушылар санының айтарлықтай өскенін атап өтті.
«Биыл (бірінші жартыжылдықта) астаналық әуежайдағы жолаушылар ағынының өсімі 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19%-ды немесе 1,8 млн. жолаушыны құрады. Жаңа жолаушылар терминалы пайдалануға берілген күннен бастап халықаралық рейстердің 227 мың жолаушысына қызмет көрсетті»,-деп мәлімдеді Жеңіс Қасымбек.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айында екінші жолды іске қосып, учаскедегі өткізу мүмкіндігін 70-тен 130 млн. тонна жүкке дейін, яғни, екі есеге арттыру жоспарлануда.
Белгілі болғандай, Инвестициялар және даму министрлігі 2 мың шақырымға созылған автожол жобаларын жүзеге асыруға кірісті.
Ақбота Күзекбай
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары