- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл 4,4 мың шақырымдық 22 автожол жобасы жүзеге асырылады
Биыл 4,4 мың шақырымдық 22 автожол жобасы жүзеге асырылады
Министрдің айтуынша, ағымдағы жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы ұзақтығы 4,4 мың шақырым болатын 22 автожол жобасын іске асыру қарастырылған.
«Орталық-Оңтүстік жобасы бойынша ұзақтығы 14 шақырым Теміртау-Қарағанды учаскесін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасады және ұзақтығы 228 шақырым болатын Құрты-Бурылбайтал учаскесін жөндеу жұмыстары басталды. Сонымен қатар, бюджет есебінен 3 тоқсанның соңына дейін Қарағанды қаласының Солтүстік-Шығыс айналма жолының құрылысы мен реконструкциялау жұмыстарын бастау жоспарланып отыр», - деді Ж.Қасымбек.
Сондай-ақ, Орталық-Шығыс жобасы бойынша 675 шақырым жолда жұмыс жүргізілуде.
«Жыл соңында Астана-Павлодар учаскесіндегі 230 шақырым жолда 4 жолақты қозғалысты ашу жоспарланған. Сондай-ақ, Семей-Қалбатау арасындағы ұзақтығы 36 шақырым болатын соңғы учаскедегі бөлікті аяқтау жоспарда бар», - деді министр.
Жыл соңына қарай Астана-Теміртау (132 км), Алматы-Қапшағай (42 км) және Алматы-Қорғас (295 км) автожолдарында ақылы жүйені іске қосу жоспарланып отыр.
Мемлекеттік бағдарлама аясында салынған жаңа астаналық «Нұрлы жол» темір жол вокзалы пайдалануға берілген кезден бастап шамамен 305 мың жолаушыға қызмет көрсетті.
Сондай-ақ, Бейнеу-Ақтау және Алматы-Талдықорған автожолын реконструкциялау жұмыстары толық аяқталатын болады.
Ақбота Күзекбай
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар