- Басты
- Жаңалықтар
- 100 жаңа есім: Денис Уланов
100 жаңа есім: Денис Уланов
Бала кезінде Денис Уланов көптеген балалар сияқты ғарышкер болуды армандайды, алайда, оның тағдыры басқаша шешіледі.
Еl.kz жазғандай, Уланов ауыр атлетика секциясына досының шақыруымен келеді. Ол кезде әлі жас Денис спортшы болуды ойламаған еді, алайда, оның жаттықтырушысы Денистің бойындағы жігерін байқап, оның қабілетін дамыта бастайды. Жас Денис Улановты Иван Строкатов жаттықтырады. Ол баланы жолында кездескен барлық қиындықтарды жеңе білуге үйретеді.
Қазір Денис Уланов Қазақстанның атынан халықаралық жарыстарға, соның ішінде Олимпиада ойындарына қатысып жүр.
Спортшы 2015 жылы ауыр атлетикадан Ресей Федерациясы Президентінің Кубогына өткен жарыстарда өзін алғаш рет көрсетеді. Онда Денис екінші орынға ие болып, күміс медальды жеңіп алады.
Спортшының өміріндегі екінші бір маңызды кезең 2016 жылы ауыр атлетикадан Азия чемпионатына қатысу еді. Денис Уланов өзінің 85 кг дейінгі категориясында ең жоғары салмақты көтеріп, алтын медаль жеңіп алады. Дәл осы жетістігі жас Денис Улановқа Бразилиядағы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік береді.

Спортпен шұғылдана бастағаннан бері Денис Улановтың арманы Олимпиада ойындарына қатысу болатын. Мұндай мүмкіндік оған 2016 жылы беріледі. Азия чемпионатынан кейін Денис Қазақстанның құрама командасынан орын алып, Рио-де-Жанейроға аттанады. Алайда, мұнда спортшы төртінші орынды иеленеді.

2016 жылғы желтоқсанда румын допинг қолданғаны үшін жарыстан шығарылып, қола медаль Денис Улановқа беріледі.
Қазіргі уақытта ол Өскемен қаласында тұрып жатыр, КСРО-ның еңбегі сіңген жаттықтырушысы Девяткин Александр Григорьевичтің қол астында жаттығуда.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді