- Басты
- Жаңалықтар
- Әкім Көкшетаудағы мектеп құрылысының барысын тексерді
Әкім Көкшетаудағы мектеп құрылысының барысын тексерді
Сапар барысында М. Мырзалин «Сарыарқа» шағын ауданында салынып жатқан мемлекеттік тілде оқытатын, 900 орынға арналған мектепте болды.
Құрылысшылардың айтуынша, қазір жұмыс қызу жүріп жатыр. Осы кезеңде ғимаратқа инженерлік-коммуникациялық желілер өткізілген, екі қабаты салынған, ішкі инженерлік желілер өткізіліп жатыр.
Облыс әкімі жұмыс барысымен танысып, оларды орындау сапасы мен мерзіміне баса назар аударды, сондай-ақ мектеп құрылысы барысында Ақмола облысында өндірілген құрылыс материалдары мен жабдықты пайдалануды тапсырды. Мектеп құрылысы 2018 жылдың 3-тоқсанында аяқталмақ.
Бұдан бөлек, «Васильковский» шағын ауданында М. Мырзалин аула аумақтарын күрделі жөндеу барысымен танысты. Бүгінгі таңда мұнда асфаль-бетон төсеу, жолдар салу, жарықтандыру бойынша жұмыстар орындалған.
Қала әкімі Е. Маржикпаевтың айтуынша, биыл «Васильковский» шағын ауданында аула аумақтарын қайта жаңарту жұмыстары толық аяқталады, ал «Центральный» және «Юбилейный» шағын аудандарында аула аумақтарын жөндеу одан әрі жалғаспақ.
«Биыл аула аумақтарын күрделі жөндеу үшін қаржыландыру 3 есе ұлғайды. Егер 2016 жылы біз небары 14 ауланы жөндеуден өткізсек, биыл тағы 62 ауланы қайта жаңартуды жоспарлап отырмыз», - деп түсіндірді Е. Маржикпаев.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
САЙЛАУ-2021: Өңірлерде қанша әкім сайланады -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
COVID-19: Үнді штамы, әкімшілік айыппұл және күшейтілген карантин шаралары -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру