- Басты
- Жаңалықтар
- «Көне Тараз – Астана» этнографиялық керуені Елордаға келеді
«Көне Тараз – Астана» этнографиялық керуені Елордаға келеді
«Өңірімізде «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін насихаттау барысында атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. Соның бірі ─ 2017 жылғы 20 мамырда «Көне Тараздан» салтанатты түрде жөнелтілген «Ұлы Жібек жолы. Көне Тараздан асқақ Астанаға тарту» керуені. «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында «Ұлы Жібек жолы» бойындағы сауда, мәдениет, өркениеттің рухани орталығы болған Ежелгі Тараздың тарихымен таныстыру мақсатында Жамбыл және Қарағанды облыстарындағы 10 елдімекенге аялдады. Әр жерде киіз үйлер тігіліп, үлкен сахналарда түрлі-түрлі шаралар ұйымдастырылды. Екі айлық жол жүрген керуен 26 шілдеде Астана қаласына ат басын тірейді. Керуенді қарсы алу шаралары «Ханшатыр» ойын сауық орталығының «Ғашықтар саябағында» өтеді, - деп Ерқанат Манжуов керуеннің ерекшеліктерін атап өтті.
Сондай-ақ, 29-30 шілде күндері бас қаладағы «Қазанат» ипподромында қала тұрғындары мен қонақтарға ұлттық ат спорт түрлері көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату ойындарының көрсетілімдері ұйымдастырылып халық назарына ұсынылады.
«Этноауыл» қалашығы маңында қазақ күресі, асық ату, бес тас, тоғызқұмалақ, алаңдағы тоғызқұмалақ ойындарының көрсетілімімен қатар құсбегілік және тазы, төбет иттер көрмесі ұйымдастырылады. Алғаш рет командалық алаңдағы тоғызқұмалақ ойынының тұсаукесер рәсімі өткізіледі.
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында Астана қаласындағы Жамбыл облысының күндеріне орай шілде айының 29-30 жұлдызында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі өтетін болады. Жалпы Астана қаласына Жамбыл облысынан 16,4 тонна азық-түлік өнімдерін жеткізу жоспарланған. Оның 3,4 мың тоннасы ауыл шаруашылығы көрме-жәрмеңкелері арқылы, шұжық пен сүт өнімдерін Астана нарығында тұрақты орналасқан жамбылдық тауарөндірушілердің ресми сауда өкілдері арқылы, ал, қалған 12,9 мың тонна өнім Астана қаласының сұранысына сәйкес қамтамасыз етіледі.
-
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
ДСМ: Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып, жағдай тұрақталып келеді -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
ДСМ: Елдегі эпидахуал тұрақталып келеді -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі -
Отан қорғаушылар күні: Егемендіктің қадір-қасиеті – ел тыныштығында -
Бірлік пен татулық – даму кепілі