Қостанай облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 44 пайызға артты

24 Шілде, 2017 19:35
Қостанай облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлармен өзара саудасы 44 пайызға артты, деп хабарлады облыстық статистиканың баспасөз қызметі.

2017 жылғы қаңтар-мамырда Қостанай облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 422,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2016 жылғы қаңтар-мамырда салыстырғанда 44%-ға кем, соның ішінде экспорт – 238,7 млн. АҚШ доллары (38,9%-ға артты), импорт – 184 млн. АҚШ доллары (51,2%-ға артты). Қостанай облысының экспорты құрылымында көпшілігін минералды өнімдер (ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне 84,4%).

ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар және аппараттар (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы 29,1%), мал және өсімдік текті өнімдер, дайын азық-түлік тауарлары (21,1%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (17,3%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (15,8%) әкелінеді.

 

Барлық жаңалықтар