- Басты
- Жаңалықтар
- Уганда ЭКСПО көрмесінде электростанциялардың жаңа тобымен таныстырды
Уганда ЭКСПО көрмесінде электростанциялардың жаңа тобымен таныстырды
Ол өз сөзінде Угандада жаңартылатын энергия көздерін өндіретін электростанциялар тобы салынып жатқанын айтты.
«Угандада энергетика секторы еліміздің сәтті дамуы үшін басым әрі негізгі сектор болып табылады. Электр энергиясын беруді қамтамасыз ету үшін біз қазір екі электростанция салып жатырмыз, біреуі – Корамда, екіншісі – Симбияда. Сондай-ақ Яггода қуаттылығы 600 мВт болатын гидроэлектростанция құрылысының үшінші ірі жобасы әзірленіп жатыр, қазір бұл жобаны қаржыландыру бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Таза энергия өндіретін электростанциялар тобына басқа да шағын электростанциялар кіреді», - деді Рутазиндва Гидеон Мвебазе.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысының міндетін атқарушы Нұрсейіт Байжанов Қазақстан Уганда Республикасымен сауда-экономикалық байланыстарды тереңдету мен кеңейтуге ниетті екенін жеткізді.
«ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қазіргі заман үшін өзекті тақырып болып табылады және осы тұғырнамада ұсынылған идеялар Қазақстан үшін ғана емес, сонымен қатар, жалпы жаһандық экономиканы дамыту үшін де пайдалы болады деп санаймыз. Уганда Республикасы өзінің географиялық орналасуының және климаттық жағдайларының арқасында күн, су және жел энергиясын дамытуда үлкен әлеуетке ие», - деді Нұрсейіт Байжанов.
Сондай-ақ, биыл Қазақстан мен Уганда арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауына 9 жыл толып отырғанын айта кеткен жөн. Осы уақыт ішінде елдер арасында өзара сенім мен әріптестікке негізделген жылы қарым-қатынас орнаған.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр