- Басты
- Жаңалықтар
- 2 шілдеде Қазақстанда инновациялық гранттарға өтініш қабылдау басталады
2 шілдеде Қазақстанда инновациялық гранттарға өтініш қабылдау басталады
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылатын «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ («ТДҰА» АҚ) ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бірігіп инновациялық жобаларды гранттық қаржыландырудың жаңа бағдарламасын іске асыруға кіріседі.
Инновациялық гранттарға өтінім 2017 жылдың 2 тамызынан 2 қазанына дейін қағаз түрінде қабылданады, сондай-ақ «ҰТДА» АҚ-ның www.natd.gov.kz. ресми сайтында да беруге болады.
«Біз бизнес үдерістердің реинжинирингісін өткіздік және гранттар беру шарттарын жетілдірдік. Егер бұрын көбінесе бизнеске арналған және соңғы өнім шығарылымын ұйғармайтын 9 түрлі грант түрлері көзделген болса, қазір олар қаржыландыру шектерін арттырумен 3 түрге топтастырылды» - деп «ТДҰА» АҚ-ның басшысы Марат Омаров ескертіп өтті.
Қолданыстағы кәсіпорындарды технологиялық дамытуға арналған грант берудің жаңа ережелері бойынша грант сомасы лицензиялық шарт бойынша дәлелді шығындардың 70%-ына дейінгі және (немесе) жабдық сатып алу бойынша дәлелді шығындардың 50%-ына дейінгі, ақшалай түрде 400 млн. теңгеге дейінгі соманы құрайды.
Грант кәсіпорынның технологиялық деңгейін алдыңғы қатарлы/заманауи отандық және шетел технологияларын трансферттеу арқылы арттыруға бағытталған.
Салаларды технологиялық дамытуға арналған инновациялық гранттың және (немесе) жабдық сатып алу бойынша дәлелді шығындардың 50%-ына дейінгі және технологиялық құзыреттерді арттырудың дәлелді шығындарының 85%-ына дейінгі, ақшалай түрде 500 млн. теңгеге дейінгі соманы құрайды.
Грант негізінен қолданыстағы салаларды алдыңғы қатарлы шетел технологияларын, тәжірибелерін, білімдерін және дағдыларын трансферлеу арқылы дамытуға бағытталған.
Технологияларды коммерцияландыруға бағытталған гранттың мөлшері жаряланған дәлелді шығындардың 50%-ына дейінгі, ақшалай түрде 200 млн. теңгеге дейінгі соманы құрайды.
Грант меншікті өндірістегі ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін жетілдіруге бағытталған.
Грант қайтарымсыз негізде беріледі. 2011 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде жалпы сомасы 12,2 млрд. теңге болатын 328 шарт, соның ішінде 2016 жылы жалпы сомасы 1,9 млрд. теңге болатын 66 шарт жасалды.
Жалпы алғанда, гранттық қаржыландыру бағдарламасын іске асыру оң әлеуметтік-экономикалық серпінді көрсететінін айта кеткен жөн. Сонда, 2014 жылдан бастап 2017 жылдың 1-ші жартысына дейін, грант алушылардың ақпараттарына сәйкес, инновациялық гранттарды іске асыру нәтижесінде 2 773 жұмыс орындары құрылды, 7,6 млрд. теңгеден артық салық қаражаттары төленді, жалпы сомасы 131,4 млрд.теңге өнім шығарылды.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды