- Басты
- Жаңалықтар
- «Туған жер» бағдарламасы бойынша Теміртауда екі аула мен саябақ абаттандырылады
«Туған жер» бағдарламасы бойынша Теміртауда екі аула мен саябақ абаттандырылады
Тамыз айының соңына дейін Теміртауда Металлургтер даңғылы бойынша №25 үйдің ауласы абаттандырылады. Мұнда баскетбол ойнауға арналған жабдықтар орнатылып, волейбол алаңы жөнделеді, сырғанақтар, әткеншектер мен құмсалғыш ауыстырылады. Осылайша, қала бизнесмендері Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші отанды ұмытпау және қолынан келгенше ондағы саябақ, алаңдар мен аулаларды абаттандыруға қол ұшын беру бойынша бастамасын қолдауды шешкен. Мұндағы аулалар үш компанияның қаржысына жөнделеді: «777», «Trade company» компаниялары мен «Имсталькон» ЖШС.
Қарағанды облысының әкімдігі хабарлағандай, республика даңғылы 63/2 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің ауласы да абаттандырылады. Мұнда жасыл жабын төселеді, балалар және спорт алаңдары жабдықталады. Бірнеше компания демеушілік еткен: «Казэнергомаш» ЖШС, «Казарматура» ЖШС және «Казмеханомонтаж-2» ЖШС.
Саябақ жарықтандырылады, орындықтар орнатылып, бұрынғы и алаңы қалпына келтіріледі және танымал спорт түрі Street workout айналысу үшін арнайы орын жасақталады. Саябақты қалпына келтіру жұмыстарын қаржыландырудың көп бөлігін «АрселорМиттал - Теміртау» компаниясы өзіне алды.
Қалғанын басқа фирмалар өзара бөліседі. Жалпы алғанда, саябақты қалпына келтіру бойынша жұмыстарды аймақ басшысы қолдады. Жұмыстар ағымдағы жылдың қазан айында аяқталады деп жоспарлануда. Саябақ қалпына келтірілген соң қала балансына өтеді. Осылайша, саябақтың жарық және таза болуына Теміртау басшылығы жауапты болады.
Еске салайық, Елбасы бизнесмендерді қатысуға шақырған «Туған жер» бағдарламасы үлкен танымалдыққа ие болуда. Биылғы жылдың маусым айында бағдарламаны танымал боксшы Геннадий Головкин қолдады. Ол Майқұдықтағы өзінің туған ауласында балаларға арналған ойын кешенін орнатты.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері