- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада оқушылар арасында инновациялық жобалардың олимпиадасы өтеді
Астанада оқушылар арасында инновациялық жобалардың олимпиадасы өтеді
«Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысы Астанадағы Оқушылар сарайында мектеп оқушылары арасында инновациялық жобалардың ұлттық олимпиадасының басталуына орай, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арнап брифинг өткізетіндігін хабарлайды.
«Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ҚР Білім және ғылым министрлігі қолдау танытқан Ұлттық олимпиадаға еліміздің барлық мектебінің 6-11сыныптарының оқушылары қатыса алады.
Ұйымдастырушылар хабарлағандай, қазіргі уақытта жұмыстарды бағалауға арналған сарапшылар тобы құрылған. Сарапшылар тобына оқушылар өз жұмыстарын 2017 жылғы 15 қазанға дейін ұсына алады.
Түрлі бағыт бойынша келіп түскен жұмыстардың ішінен сарапшылар тобы жүлдеге лайықтыларын анықтайды. Жүлдеге ие болған 10 жобаның авторына білім сертификаттары беріліп, кубок тапсырылады.
Сондай-ақ, жүлдеге лайық деп танылған жобаларды одан әрі дамыту мақсатында кәсіби кеңестер мен ұсыныстар беру және коммерциаландыру үшін демеушілер тарапынан менторлық жасау көзделген.
Еліміздің жас таланттарын анықтайтын жобаға арналған брифингке «Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысы» кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев, Олимпиада чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, боксшы Бахтияр Артаев, ZeroToOneLabs.com студиясының негізін салушы Арман Сүлейменов, «I2BF Global» компаниясының құрылтайшысы, «Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысының серіктесі Әділ Нұрғожин қатысады.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді