- Басты
- Жаңалықтар
- Кентаудағы зауыт алты айда 100 млн теңгенің өнімін шығарды (ФОТО)
Кентаудағы зауыт алты айда 100 млн теңгенің өнімін шығарды (ФОТО)
Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жан-жақты қолдаулар көрсетіліп, олар жеңілдетілген несие мен грантқа қол жеткізуде. Сондай-ақ, ауданда Индустриялды аймақ құрылып, онда «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында көптеген жобалар жүзеге асырылуда.
Осындай кәсіпорынның бірі өткен жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев индустрияландыру жұмыстарының бірінші жартыжылдықтағы қорытындысына арналған жалпыұлттық телекөпір барысында іске қосқан «ЮгЭлектроПривод» зауыты.
Кәсіпорын осы жылдың алты айында 96,9 млн. теңге болатын 3264 дана трансформаторларға жабдықтаушы құрал-жабдықтар, айырғыштар, өшіргіштер шығарып, өнімін шығарды.
Кәсіпорында Қазақстан бойынша аналогы жоқ, трансформаторлар үшін жаңа өнім түрлерін (вакуумды ажыратқыштар) шығару өндірісі жолға қойылған. Зауыт құрылысына 828 млн.теңге инвестиция тартылып, қосымша 50 жұмыс орны ашылған.
Жобаны іске асыруда мемлекет тарапынан индустриялды аймақ аумағынан жер телімі бөлініп, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша банктік несиенің пайыздық мөлшерлемесіне субсидия берілді. Қазіргі кезде кәсіпорын трансформаторлар өндірісі үшін құрастырушыларды (комплектующие) шығаруда.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды