- Басты
- Жаңалықтар
- Энергетика министрлігі: Әлемде тұрақты даму әзірлемесі бойынша қалыптасқан түсінік бар (ФОТО)
Энергетика министрлігі: Әлемде тұрақты даму әзірлемесі бойынша қалыптасқан түсінік бар (ФОТО)
«Форум сарапшылары таза экологиялық энергиядан құралатын ақылды қалалар бойынша қалалық жоспарлаудағы соңғы енгізілімдер мен ізденістерді талқылайды. Халықаралық агенттіктердің болжамы бойынша әлемдік экономиканың өсімі электр энергиясын өндіру қажеттілігін арттырады, біздің ойымызша, ХХ ғасыр энергетика саласындағы жаңашылдықтарға әкелетін жедел шешім қабылдау дәуірі болып отыр», - деді вице-министр.
Ғани Садибеков айтып өткендей, әлемдік қауымдастықтардың қабылдаған құжаттары туралы айтып өтті, оның ішінде 2030 жылға дейінгі тұрақты энергетиканың жаһандық бастамалары, Тұрақты дамыту бойынша БҰҰ конференциясы, Париж келісімі бар.
«Аталмыш бастамалардың қабылдануы әлемде тұрақты дамытуды қамтамасыз ететін ортақ түсінік бар екенін көрсетеді. Энергия тиімді технологиялар мен баламалы энергия көздерін қолдануға ерекше көңіл бөлініп отыр. Көлік, энергия тиімді технологиялардың бейімделуі, оның ішінде болашақта тұрақты қалаларды дамыту жасыл экономикаға ауысудағы басты мәселе болуы керек», - деді ол.
Сондай-ақ, вице-министр қатысушыларға Қазақстанның жасыл экономикаға көшуі туралы тұжырымдаманы түсіндірді.
«Біздің мақсатымыз болашақтағы өсім мүмкіндігін жоғалтып алмау, себебі қорытынды бізге жаһандық сынақтарға дайын болуды қамтамасыз етеді. Қазақстан қазір бірқатар бастамаларды жүзеге асырып отыр. Бұл, жасыл экономикаға өту тұжырымдамасы, оның алты бағыты бар. Стратегиялық құжаттың бір бағыты энергия тиімділігін арттыру болып саналады», - деді Ғани Садибеков.
Айта кетейік, Конгресс-орталықта өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы «Болашақтың энергиясы» форумында болашақ ғимараттардың экологиялық таза шешімдері талқылануда.
Ақбота Күзекбай
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері