- Басты
- Жаңалықтар
- Оралда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды
Оралда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды
Мұндай орталықтар елдің түкпір-түкпірінде ашылғаны белгілі. Орал КҚКО 15-інші болып ашылғанын да айта кету керек. Мұнда қызмет көрсетуді 4 бағыт бойынша алуға болады. Олар мемлекеттік қолдау құралдары, кәсіпкерлік ашу, әріптестік компаниялар – банктердің тегін кеңесі мен оқытуын алу, шағын несие ұйымдары мен даму институттары.
«Бұл кәсіпкерлерге арналған ХҚКО-ы. Салық бойынша кеңес беру қызметтері, бухгалтериялар, заңнамалық сұрақтар. Биыл «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша құны 15 млрд теңгенің 100 жобасына қолдау көрсеттік», - дейді БҚО кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының жетекшісі Аслан Жакупов.
Жаңа орталық базасында форумдар, семинарлар, экономиканың түрлі салалары бойынша кәсіпкерлік ашу жөніндегі мәселелерге арналған жиындар өткізу жоспарлануда. Жастар кәсіпкерлігі мен бастауыш кәсіпкерлікті дамытуға баса көңіл бөлінуде. Мемлекеттік субсидия көмегімен кәсіпкерлер кәсіптерін кеңейтуге, өнеркәсіпті жаңғыртуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік алады.
Айта кету керек, биыл облыста кәсіпкерлікті қолдау бойынша мобильді орталық ашылды.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді