- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада 14 641 пәтер пайдалануға берілді
Астанада 14 641 пәтер пайдалануға берілді
2017 жылғы қаңтар-маусымда тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 68038,4 млн. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-маусымдағы деңгейге қатысты алғанда 101,8%. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттар үлесі 19%-ды құрады.
Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 14641 пәтерлік тұрғын үйлер пайдалануға берілді, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 1510533 шаршы метрді құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-маусымдағы деңгейден 33,2%-ға жоғары.
Жеке салушылармен жалпы ауданы 102443 шаршы метр тұрғын үйлер салынған, бұл 2016 жылғы қаңтар-маусымға қатысты алғанда 102,7%. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемінде жеке тұрғын үй құрылысының үлесі 2016 жылғы қаңтар-маусымдағы 6,8%-ға қарағанда 8,8%-ды құрады.
Елордада 2017 жылғы қаңтар-маусымда тұрғын үйлердің жалпы ауданының 1 шаршы метрін салудың орташа нақты шығыны 150,5 мың теңгені, оның ішінде жеке салушылармен тұрғызылғаны 77,4 мың теңгені құрады.
2017 жылғы қаңтар-маусымда облыс аумағында жалпы алаңы 255,9 мың шаршы метр тұрғын ғимараттар барлық қаржыландыру көздері есебінен пайдалануға берілді, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңіне 110,9% құрады.
Едәуір тұрғын ғимараттар көлемі – 211 мың шаршы метр жеке меншік нысаны салушыларымен пайдалануға берілген.
2017 жылғы қаңтар-маусымда тұрғын үй құрылысына инвестициялардың 18669 млн. теңгесі бағытталды. Тұрғын үй құрылысы инвестицияларының негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі 21,2% құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың елеулі өскені 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Жақсы (6 есе), Егіндікөл (2,6 есе) аудандарында және Степногор қ.ә. (4,6 есе) белгіленді. Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы көлемінің негізгі үлесі Көкшетау қ.ә. (90,3 мың шаршы метр немесе 35,3%) және Целиноград ауданына (106,1 мың шаршы метр немесе 41,5%) келеді.
2154 пәтер пайдалануға берілді, бұл 2016 жылдың қаңтар-маусымына 87,8%құрады.
-
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
14 маусым - Дүниежүзілік донор күні: Қан тапсыру қауіпті ме -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
14 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ержелеріне енген өзгерістер. Тұрғындар нені білу керек -
Діни басқарма спорт кешенін салып, пайдалануға берді -
COVID-19 қарсы вакцина: 14 000 адамға салынды, асқыну болған жоқ -
ИНФОГРАФИКА: ТМД-да тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші қандай -
COVID-19: Чехияда төтенше жағдай 14 ақпанға дейін ұзартылды, ал Португалия Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатпақ -
Әлеуметтiк-экономикалық даму-2020: Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі, сауда айналымы және инвестиция -
Қазақстандықтарға 334 млрд теңгеден астам қаражат жәрдемақы түрінде берілді -
Қазақстандықтар 14 желтоқсанға дейін Coursera платформасында тегін оқуға өтінім бере алады -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды