- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада қағаз жинайтын 700 арнайы қоқыс жәшіктері орнатылады
Астанада қағаз жинайтын 700 арнайы қоқыс жәшіктері орнатылады
«Бүгінде Астана қаласының әкімдігімен қоқыстарды бөліп жинау жүйесін енгізу бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. Халық бұл бастаманы әу-бастан ақ қолдады. Бұл бағыт шеңберінде жыл соңына дейін қағаздарды жинау үшін 700 арнайы қоқыс жәшіктерін орнату жоспарлануда», - деді медиа орталық тілшісіне қала әкімдігі табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бөлімінің басшысы Мирас Ғайсин.
Оған қоса, елордада электр жарығын үнемдейтін құрамында сынап бар шамдарды жинау және жою бойынша жобалар іске асырылуда.
Бүгінде Астанада бұндай контейнерлердің 700-ден астамы орнатылды. Әрі қарай өндіру үшін бұл шамдар тамақ қалдықтарынан бөлек жиналып, сұрыпталып арнайы сарғылт түсті жәшіктерге салынады.
Өз кезегінде сары түсті қоқыс жәшіктері пластик қалдықтары үшін арналған. Қазіргі уақытта тұрғын-үйлердің аулаларында бұндай контейлердерің 600-ден астамы бар. Барлық жиналған пластик әрі қарай өндіру үшін қоқыс өндіру зауытына жөнелтіледі.
Қалдықтар сұрыпталып, брикеттеледі.
Әкімдіктің мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта елорда аумағында 9 мыңнан астам түрлі қоқыс жәшіктері орнатылған. Бұған дейін әкімдіктің медиа орталығынан хабарланғандай, Астанада маусым айында тұрмыстық қатты қалдықтарды сыртқа шығаратын компания ауысты. «Астана-Тазарту» компаниясының орнына арнайы базасы мен техникасы бар «Clean City NC» ЖШС келді.
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР-дағы вакцинациялау: 700-ден астам дәрігер екпе салдырды -
Stop Musor: «Қазақстан қалаларын қоқыс басып барады» -
Әскерге шақырту қағазы SMS түрінде жіберілмек -
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын одан әрі жандандыру үшін арнайы Жол картасы әзірленбек -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
Қоқысты сұрыптау мәдениетін қалыптастыру мәселесі талқыланды -
Экобелсенді: Қалдықсыз қоғам қалыптастыруымыз керек -
ФОТО: Астанада полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық арт-инсталляция ұсынылды -
ВИДЕО: Экология министрлігі Бурабай мен Зерендідегі стихиялық қоқыстарға рейд жүргізді -
ФОТО: Бурабайда қоқыс төгетін полигон жоқ. Экология министрлігі рейд жүргізе бастады -
Табиғатқа залал келтіргендер жазаланады – Экология министрі -
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының қоқыстан ластану жағдайы талқыланды