- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында қызылшаның рекордтық көлемін жинау жоспарлануда (ФОТО)
Жамбыл облысында қызылшаның рекордтық көлемін жинау жоспарлануда (ФОТО)
Жамбыл облысының әкімдігі хабарлағандай, "Егінжай - 2017" семинар-кеңесінің бағдарламасы аясында өңір әкімі Кәрім Көкірекбаев Мерке ауданының қызылша өсіретін алқаптарында болды.
Мұнда басым дақылды өсірумен көптеген шаруашылықтар айналысады. Олардың ішіндегі ең ірісі «Сыпатай батыр» ШҚ, «SMART AGRO KARKARA» ЖШС және «Трансфер» ШҚ болып табылады.
Биыл шаруа қожалығының басшысы Владимир Бондаренко бірнеше шаруамен бірігіп, 200 гектар жерге қызылша өсірген. Қант қызылшасы ылғал үнемдеу технологияларымен ғана суарылады.
Сондай-ақ, фермер жан-жақты мемлекеттік қолдаудың арқасында шаруаларға жақсы жағдайлар жасалып жатқанын да айтып өтті. Сондықтан шаруаларға қант қызылшасын өсіру пайдалы.
Әкімдіктің ақпараты бойынша биыл тұқым сатып алуға 220 млн теңге бөлінген. Жаңа техника сатып алуға тағы 420 млн көзделген.
Еске сала кетейік, өткен жылы жамбылдықтар 5 мың гектар жерден 104 мың тонна қызылша жинаған болатын. Биыл қант қызылшасы 9 мың гектар жерге егілген.
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі